Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет77/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019

Ф-ӘД-001/046

мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.

Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.

Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж.Бодрийяр термині) – қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті.Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.

Бұндай алғышарттар міндетті түрде қалыптасады, және сөзге дәлел ретінде бүгінгі таңда кеңінен таралып отырған жаңа мәдениет тәжірибесінің көптүрлілігін айтуға болады. Олар қоғамдық санада белсенді рефлексияланады, оның ішінде мағыналық әлем мағынасын әлеуметтік-тарихи контекстте қарастыруды болжайтын, әлеуметтік мәдениет талдауы әдісі де бар. Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет