Ф-ӘД-001/046
Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесінің төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітап, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80% көбі ағылшын тілдес мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде БҰҰ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры күннен-күнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда.
Достарыңызбен бөлісу: |