Ф-ӘД-001/046
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев еңбектері «Қазақстанның Егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.) Бұл еңбектің маңызы: тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды. Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» (1993 ж.) Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру тәсілі. Идеология – әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. Идеология мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады. Маңызы: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді. «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.) Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген. «Тарих толқынында» (1999 ж.). «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.
«Сындарлы он жыл» (2003 ж.). Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды. «Қазақстан – 2030» стратегиясы 1997 жылғы қазан – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |