Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Отбасылық қарым-қатынастардың бала тұлғасына әсері



бет11/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Отбасылық қарым-қатынастардың бала тұлғасына әсері.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі.қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «Не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс деге күндерді білмейді.

Отбасы тәрбиесі тәжірибесінде тәрбиелік ықпал ету жүйесі және оны әр отбасында қолдану тәсілі көрсеткендей, отбасы тәрбиесінің 4 тактикасын бөліп қарауға болады. Олар: әміршілдік, өбектеу, «араласпау» және ынтымақтаса қызмет ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет