Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі отбасының ролі



бет19/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі отбасының ролі

Әлеуметтендіру дегеніміз - индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл әлеуметтік және психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты әсер ету (кең мағынада алғанда тәрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.

Ата - ананың отбасы – әлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым ролінен айрылған. Мұнда жалпы тәрбиенің мәні де, отбасының өзінің өзгеруі де әсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, әкенің дәстүрлі ролінің әлсіреуі, әйелдердің еңбекпен шұғылдануы және т.б. Отбасыішілік қарым-қатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тәрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарым - қатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше әрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні ата - ананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мәселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Қарым-қатынасты жекелендіру оның мәнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды әсіресе ата - ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нәзіктендіре түседі.

Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір- бірімен тығыз байланысты, себебі олардың мақсат- міндеттері ортақ іс -әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасыдағы тәрбиенің субъектілері - ата- ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс- әрекет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет