Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5



бет22/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Негізгі әдебиет: [7-8]

Қосымша әдебиет:[1-6]

Электронды әдебиет: [3-4]

Дәріс тақырыбы № 5. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

  1. Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.

  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

  3. Сынып жетекшісі және ата-ана.

1. Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;

- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет