2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.
Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады.
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ыкпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға коятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-кұлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын кұру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т. б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі артырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын үйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогакалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практакалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |