Сынып жетекшісі және ата-ана.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың рөлі бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлген сөзіне, әдептіліген т.б. қасиеттеріне байланысты Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар:
Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата-аналар коммитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету.
Достарыңызбен бөлісу: |