Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Ата-аналар комитетімен жұмыс



бет17/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс , pravo10
Ата-аналар комитетімен жұмыс.

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық, мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және «қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын баскару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, үйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т. б. жатады.

• Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мекептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық, даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

• Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет