Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Ұстаздар мен ата-аналардың өзара қатынасының функциялары



бет15/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс , pravo10
Ұстаздар мен ата-аналардың өзара қатынасының функциялары:

- тәрбиелік - дамытушылық;

- қалыптастырушылық;

- бақылаушылық;

- тұрмыстық;


  • хабарламалық.

міндеттері:

- ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;

- ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;

- ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Сынып жетекшілерінің мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогакалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөніңде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық, кеңестер алады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет