Негізгі әдебиет: [1,7]
Қосымша әдебиет:[1-6]
Электронды әдебиет: [1-2]
Дәріс тақырыбы № 3: Мұғалімнің төменгі сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу формалары мен әдістері
Ата-аналармен жеке жұмыс
Ата-аналар ұжымымен жұмыс
Ата-аналар комитетімен жұмыс.
Ата-аналармен жеке жұмыс
Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету.
Достарыңызбен бөлісу: |