Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5


Тәрбиедегі өзара келісімділік принципі



бет8/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Тәрбиедегі өзара келісімділік принципі. Қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің бір ерекшелігі - оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың (балабақша, мектеп, көркемөнер студиялары, спорт үйірмелері) тікелей ықпалымен жүзеге асатындығында. Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыруда.

Баланың отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы рөлін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.

Мадақтау-бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістіктгін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мен-мендік, тәкппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау-бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқаңқылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А.С.Макаренко жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.

Жазалау — балаға коғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға талап қою, ескерту жасау, сөгіс беру, оқушы тәртібін бағалауда төмен баға қою, ұжым алдына шығару тәсілдерінің жиынтығын құрайды.

Бұл әдістің ерекшелігі — жазаны қолдануда әдалетсіздікке жол бермеу, кек алу; баланың жеке басының адамгершілік қасиетін төмендетпеу, намысын қорлау секілді қылықтарды болдырмау қажет. Керісінше, тәрбиешілер тарапынан оның жақсы қасиеттеріне сүйеніп, әдептілік сақталса тәрбиелік ықпалдың да нәтижесі табысты болмақ.

Мадақтау әдісінің амал-тәсілдері алуан түрлі болып келеді Оларга алгыс айту, мадақтау қагазымен марапаттау, багалай сыйлық беру, қогамдық мәні бар тапсырма беру, лидер (белсенді) етіп сайлау, қабырға газетіне мадақтап шығару т.б. жатады.

Мадақтаудың ерекшелігі, бала өз мінез-құлқына да баға беріп, оны түсініп әрі дамытып, дұрыстығына сенім артқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Керісінше болған жағдайда, онда оның жауапкершілігі төмендеп, менмендігі күшейіп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді. Кешірім мәнісіне қарай тіл табысуды білідіреді, ол бала жүрегінде кеңпейілді, кешіре білетін ата-анасына, үлкендерге деген жақсы сезімдер толқынын тудырады.

Көптеген ғалымдар (З.Матейчик, Е.В.Субботский, Б.Спок және т.б.) үлкендер кешіре білу өнерін меңгерулері қажет. Кешірімді кіші жастағы балалар жақсылық ретінде, өзі жақсы көретін адамдарының сенімі ретінде қабылдайды. Алайда баланы үнемі кешіруге дайын тұру оның алдында беделді жоғалту және әсер мүмкіншілігінен айырылуға әкеліп соғады.

Сондықтан да мұғалімдер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет