Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5



бет6/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Мақсаттылық принципі.

Тәрбие педагогикалық құбылыс ретінде тәрбиелік мұрат пен көзделген әлеуметтік-мәдени бағдардың, болуымен сипатталады. Қазіргі кезде отбасылар өз елінің педагогикалық саясатының ең басты компоненті болып қалыптасатын объективті мақсатты белгілі бір дәрежеде бағдарға алады.



Тәрбиенің ғылымилық принципі. Ғасырлар бойы отбасындағы тәрбие ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар негізінде жүзеге асып келді. Бұл принциптің мәні - ата-аналардың баланы тура сол қалпында, оның сыртқы бейнесі, түр-сипаты, жеке мінез кұлқы, әдет-дағдысы қандай болса, сол күйінде қабылдауы қажеттігімен түсіндіріледі.

Ата-ананың міндеті - айналадағы адамдардың мұндай қарым-қатынасына аса қатты қапаланбауға үйрету, оның көңілді де қайырымды, қолынан барлық іс келетін жақсы бала екенін білген кезде олардың бұл туралы көзқарас, түсінігі өзгеретіндігіне сендіру қажет. Сол үшін бала бойында байқалған жақсы қасиеттердің (қандай да болмасын ән айту, мәнерлеп өлең оқи білу, сурет сала білу, ертегі құрастыра білу сияқты) ұшығын әрі қарай дамыту, жетілдіру, денесін шынықтыру, қайырымды, мейірімді болуға үйретуге барлық күшті жұмсаған дұрыс.

Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара кұрмет, ынтымақтастыққа, сүйіспеншілікке құрылуын көздейді. Ата-аналар балаларды сол болмысымен жақсы көруге, түсінуге, құрметтеуге, олардың жеке қабілеттерін дамытуға жағдай туғызуға, өмірлік жолын таңдауға көмектесуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет