Курстың мақсаты: Қазакстан Республикасының жоғары оқу орындарында қылмыстық құқықты оқыту құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті терең теориялық білім беруді және осы негізде қалыптасқан мықты дағды мен біліктілікті студент бойына қалыптастыруды мақсат етеді.
Курстың міндеттері: Курстың негізгі міндеттері болып жүйелі мазмұндау және қылмыстық құқық ғылымының қағидалары мен ережелері туралы теориялық білім беру. студеттерді қолданыстағы қылмыстық заңнамаларды дұрыс тұспалдауға, қылмыстарды саралауға, қылмыстық құқық нормаларын шебер түсіндіру және қолдануға үйрету табылады. Басты міндеті студенттерді қылмыстық заңға азаматтардың құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін, сонымен бірге қоғам және мемлекет мүддесін қылмыстық қолсұғушылық әрекеттен қорғайтын бұлжымас құрал ретінде құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Пререквизиттері:«Мемлекет пен құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы».
Постреквизиттері: «Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлігі)», сондай-ақ «Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару құқығы», «Криминология».
Пәнді оқыту нәтижелері:Пәнді оқу нәтижесінде студент/магистрант келесі құзыреттіліктерге ие болады:
Білуі және түсінуі: ҚР Қылмыстық құқығының өзекті мәселелерін, негізгі ұғымдарын, қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін білу керек
Колдану:Оқытушының кәсіби іскерлігін және инновациялық оқу технологияларын кеңнен қолдану
Синтез: Заңгер ғалымдардың пікірлерінен ой-қорытынды құрастыру
Талдау: ҚР қылмыстық құқығының тарихи кезеңдерін зерттей білуі Заңгердің этика қағидаларын сақтауға қабілетті болуы тиіс.; дамыған құқықтық сана, құқықтық ойлау және құқықтық мәдениет негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу; құқық субъектілерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз етуге қабілетті болу;
Багалау: ҚР қылмыстық құқығының сатыларында қарауының, үкімді орындау сатысын
Қылмыстық құқықты оқыту қылмыстық заңның әлеуметтік - саяси және зандық мағынасын, оны құрайтын нормалар мен институтгардың өзара байланысын ашуды