балалардың ерте жастан кең ауқымды бағыттар бойынша дамуына қолдау көрсетуге
негізделген ХХІ ғасырдың педагогикалық тәсілдемесін жүзеге асырудың үлгісі болып
табылады. Мұндай білім беру бағдарламалары еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдар үшін де
жақсы үлгі бола алады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты
баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға,
функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік,
дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа
жетуді үйренуі тиіс. Бұл оның балабақшадан мектепке көшуін анағұрлым жеңілдетіп,
мектепте оқу барысында танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді
(ББҒДМБ, 2016).
Осыған орай қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесі қалыптасып келе жатқан
тұлғаның құқықтары мен мүдделерін түсінуді және құрметтеуді қажет ететін балаларға
ізгілікті көзқарасқа бағдарлануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: