Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
Бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижелері
Бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту 
шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үдерісін тиімді 
ұйымдастыруға қабілетті мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін 
жетілдіру. 
Бағдарламаның міндеттері: 
1) мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық 
дамытуда инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданып, үлгілік оқу 
бағдарламасының білім беру салаларын кіріктіру бойынша білімдерін кеңейту;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің білімдік, 
тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарының бірлігін қамтамасыз ету және 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша білімдерін жетілдіру;
3) балалардың танымдық, әлеуметтік мотивтерін жүзеге асыру және оқу-ойын 
қызметіне қызығушылықтарын, ынтасын дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның 
өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету бойынша білімін жетілдіру; 
4) мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың әрекет 
нәтижелерін бақылаудың негізгі әдіс-тәсілдері мен тәрбие мен оқыту үдерісіне рефлексия 
жүргізуді түсіну және қолдану білігін қалыптастыру; 


5) балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 
денсаулығын нығайту мен сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық 
жағдайларды жасау жөніндегі білімін жетілдіру. 
Оқытудан күтілетін нәтижелер: 
1) мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық 
дамытуда инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданып, үлгілік оқу 
бағдарламасының білім беру салаларын кіріктіру бойынша білімдері кеңейеді;
2) мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің білімдік, 
тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарының бірлігін қамтамасыз ету және 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша білімі жетіледі;
3) балалардың танымдық, әлеуметтік мотивтерін жүзеге асыру және оқу-ойын 
қызметіне қызығушықтарын, ынтасын дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның 
өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету бойынша білімі жетіледі; 
4) мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың әрекет 
нәтижелерін бақылаудың негізгі әдіс-тәсілдері мен тәрбие мен оқыту үдерісіне рефлексия 
жүргізуді түсінеді және қолдану білігі қалыптасады; 
5) балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 
денсаулығын нығайту мен сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық 
жағдайларды жасау жөніндегі білімі жетіледі. 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру 
курсының білім беру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде педагогтер:
- мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыру және өзінің педагогикалық 
қызметін жаңа талаптарға сәйкес іске асыру саласындағы құзыреттілігін қалыптастырады; 
- мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балалардың сапалы мектепалды 
даярлығын қамтамасыз ете алады;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие 
үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдаудағы педагогтің рөлі туралы түсінігін, 
оқыту мен тәрбиелеу әдістері туралы білімін жетілдіреді;
- қазіргі заманғы білім беру үдерісінде 4К моделін: креативтілікті, сын тұрғысынан 
ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білуді дамытудың 
теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастырады; 
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылатын талаптардың 
біртұтастығын, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің жүйелілігі, 
біртұтастығы, сабақтастығы мен үздіксіздігі қағидаттарын қамтамасыз ету туралы білімін 
жетілдіреді; 
- білім беру қызметінің нәтижелеріне, оның ішінде баланың жеке дамуына 
мониторинг жүргізу әдістері мен тәсілдерін біледі; 
- балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 
денсаулығын нығайту мен сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық 
жағдайларды жасау жөніндегі білімін жетілдіреді;
- балаларға арналған заттық-дамытушы ортаны, ойындар мен нәтижелі қызмет 
түрлерін, балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас және өзара әрекеттестікті
ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгереді. 
Сонымен қатар Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың теориялық 
негіздерін жаңаша айқындау, қазақстандық мәнмәтін тұрғысынан талдау жасау және 
бейімдеу үшін осы саладағы әлемдік ғылыми зерттеулер тәжірибесін ұсыну идеялары 
негіз болған (1-сурет). 


1-сурет
. Бағдарламаның түйінді идеялары 
Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 
жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруде 4K моделіне: креативтілікті, сыни 
ойлауды дамытуға, коммуникативтілік пен командада жұмыс істеуге басымдық беріле 
бастағанына назар аударды [1]. 
Заманауи еңбек нарығында өзекті болып табылатын дағдылар тізімін анықтауға 
бағытталған ғылыми ізденістер мен зерттеулер халықаралық деңгейде де жүргізілуде. 
Мысалы, ХХІ ғасыр дағдылары бойынша әріптестік (Partnership for 21st Century Skills) 
сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынаста және ұжымдаса жұмыс істеуді ХХІ ғасырдағы 
білім беру шеңберінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады [2]. 
Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда ұсынылған «New Vision for 
Education» баяндамасында қазіргі кезде адам үшін маңызды үш сала анықталды: 
функционалдық сауаттылық, ХХІ ғасыр құзыреттіліктері (сыни ойлау, креативтілік, 
коммуникация, ынтымақтастық) және жеке тұлғалық қасиеттер (білімқұмарлық, 
бастамашылдық, табандылық, көшбасшылық, әлеуметтік және мәдени хабардарлық) [3]. 
Бағдарламаның негізгі идеялары балалардың бойында ерте жастан дамыту қажет 
негізгі дағдылармен тығыз байланысты:
- сыни ойлау;
- проблемаларды шығармашылықпен шеше білу;
- сындарлы диалог немесе қарым-қатынас;
- командада жұмыс істеу.
Бұл идеялар балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың 
психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескерумен тығыз байланысты және 
баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына оң ықпал етуге бағдарланған. 
Балаларды оқытуда «Оқушы үніне» барған сайын маңызды көңіл бөлінуде. 
Қазақстандық орта білім беру жүйесінде қолданылып жүргеніне 5 жылдан асқан «Оқушы 
үні» оқытудың тиімділігіне оң әсерін тигізді. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытуды жетілдіруде «Бала үнін» ескеру аса маңызды. 
«Бала үні» теориясын белсенді жақтаушылардың бірі Джин Раддок балалармен 

Бала үні
Ойын
Бақылау
"Тұтас бала" 
бейнесі
•Креативтілік
•Командада жұмыс істеу
•Коммуникативтілікті дамыту
•Сыни ойлау
•Дербестігі
•Қызығушылықтары
•Қажеттіліктері
•Тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін ойын
•Құрылымдалған ойын
•Еркін ойын
•Қадағалау
•Танымдық оқиға
•Фактілерге негіздеу
•Деректерді тіркеу
•Бала - Тәрбиеші - Ата-ана
•Мектепке дейінгі білім - Мектепалды 
даярлық - Мектеп 


қарым-қатынастың мақсаты білім мен оқытудың мәнін оны қабылдау тұрғысынан түсіну 
және жекелеген балалар мен топтарды оқытуды жетілдіру жолдарын іздестіру деп 
санайды (Rudduck & Flutter, 2004). Балаларға өз ойын ашық айтуға мүмкіндік берілуі тиіс, 
бұл олардың есею және білімін жетілдіру жолында аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет