Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе (75 сағат)
Бұл кезең екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
1.
Алдын ала әзірленген жоспар бойынша тәрбиелеу
және оқыту тәжірибесіне
жаңартылған перспективалық (өтпелі тақырыптар) және апталық (циклограмма)
жоспарлауды қолдану.
2.
«Танымдық оқиғаларды» жазу және ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау
мен әзірлеуге өзгерістер енгізу туралы деректемелер жинау.
Бұл кезеңде педагог келесі тапсырмаларды орындайды:
1.
Дайындалған перспективалық және апталық (циклограмма)
жоспарлауды
апробациядан өткізу және түсініктеме жазу.
2.
Бір білім беру саласы бойынша балалардың танымдық
әрекеттерін белсендіру
жөніндегі «Танымдық оқиға» жазу.
3.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне педагогтің
жетекшілігімен жүргізілетін ойынды енгізудің тиімділігі жөнінде дәлелдемелер жинақтау.
4.
Рефлексиялық талдау жүргізу негізінде портфолионы аяқтау үшін
қажетті
материалдарды дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: