Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
ІІ. Педагогикалық қараусыздық пен денсаулықтарында ауытқуы бар балаларға психоәлеуметтік көмек көрсету әдістері Медициналық нормадан ауытқулары бар балалармен және олардың ата-аналарымен
жұмыс жасағанда, психолог бала мен дәрігер, мұғалім, ата-аналар, сыныптастар арасында
аралық дәнекер ретінде кеңес береді. Сонымен қатар өзін-өзі бағалау мінез-құлқының
жекелеген түрлерін түзетуді жүзеге асырады. Дегенмен, бұл жұмыс тек баланы емдеудің
жалпы процесінің бір бөлігі ретінде қарастырылуы керек.
Ата-аналарға кеңес берген кезде психолог тек аурудың сипатын ғана емес, әр баланың
жеке сипаттамаларын, сондай-ақ мектептегі және отбасылық жағдайдың ерекшеліктерін
ескеруі керек. Балалармен психо-түзету жұмыстары кезінде көбінесе