Балалар-ата-аналар коучингінде коуч-ұстаным Коуч-ұстаным «отбасы» ретінде
1. Мен баланы қабылдаймын Мен баланы/жасөспірімді түзетуді қаламай-ақ, оның бар болмысын қабылдаймын
дегенді білдіреді. Яғни мен іштей балаға/жасөспірімге кез келген кейіпте болуға рұқсат
беремін, баланың/жасөспірімнің кез келген іс-әрекеттері жақсы ниетпен жасалды деп
қабылдаймын.
Мен балаға/жасөспірімге сенемін, әрбір бала дарынды және оларды жүзеге асыру
үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін білемін.
2. Мен ата-анамды қабылдаймын Мен ата-анамды бар болмысымен қабылдаймын, мен ата-ананың сезімін сыйлаймын
және оның өткен тәжірибесіне түсіністікпен қараймын.
Менің білуімше, әрбір ата-ана өз баласына бар жақсылықты тілейді және өзінің балаға
қатысты іс-әрекеттерін жақсы ниетпен жасайды.
3. Мен жағдаятты айқындаймын Мен жағдаятты әр түрлі жақтарын айқындап, мәнін ашамын. Мен жағдаяттың ішкі
және сыртқы жағын түсіндіремін.
Мен жағдаятты шешуге асықпаймын және ондағы кез келген ұсақ-түйектің
маңыздылығын түсінемін.
Мен клиенттің сөзімен айтамын, мен дұрыс түсіндім бе деп нақтылаймын.