Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Кинесиологиялық жаттығулардың міндеттері: •
Ми сыңарларының аралығы қызметін дамыту;
•
Ми сыңарларының аралығы өзара әрекеттесуін дамыту;
•
Ми сыңарлары аралығының байланысын дамыту;
•
Ми сыңарларының синхронды жұмысы
•
Ұсақ моториканы дамыту
•
Қабілеттерін дамыту
•
Есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту
•
Сөйлеуді дамыту
•
Ойлауды дамыту
•
Дислексия мен дисграфияны жою.
Кинесиологиялық жаттығулар қолайлы психологиялық атмосферада және жүйелі өткізілуі
тиіс. Әрбір жаттығудың дұрыс орындалуы өте маңызды, сондықтан әр оқушымен жеке
жұмыс істеу қажет. Кинесиологиялық жаттығуларды арнайы сабақтардан тыс және кез
келген пән сабақтарында да орындауға болады. Арнайы сабақтардың мазмұны бірінші
жаттығуларды үйренуден бастап, біртіндеп күрделенеді. Орындалатын тапсырмалардың да
көлемі де сабақтан сабаққа артады.