Қосымша: бұл жаттығу перефериялық қабылдау қабілетін, белгілерді тану және
айыра білу; иық белдеуінің қысымын жеңілдетеді; зейіннің шоғырлануын арттырады; сан
мен әріптің айнадағы жазылуын реттейді.
«Ішпен тыныс алу» Мұрынмен тыныс алыңыз. Тыныс шығару ерінді жымқыру арқылы аз мөлшерде
шығарылады. Тыныс шығара отырып, ерін үстінде жұмсақ бір заттың салмағын сезініп
елестетіп көріңіз. Бұл тармақ жаттығуға дайындық болып табылады.
1. Қолдарыңызды ішіңізге қойыңыз. Ішіңіз дөңгеленгендей болып, мұрын
арқылы ауамен тыныс алыңыз.
2. 3 секунд тынысты ұстап тұрыңыз.
3. Ақырын тыныс шығарыңыз, сол кезде ішіңіз кішірейіп және шамалы ішке
қарай кіреді.
4. Тынысты 3 секунд ұстап тұрыңыз және тыныс шығарыңыз.
5. Жаттығуды 3 реттен артық жасамаңыз. Назар аударыңыз, жаттығу кезінде
тыныс алу ырғақты болуы қажет.
Оқу дағдысы: оқу дағдысын арттырады:
кодтау және декодтау; ауызша оқу, жүйелі
эмоционалдық боялған сөз.
Қосымша: бұл жаттығу диафрагмальдық
тыныс алуды дамытады, тыныс алу процесін
арттырады, ОЖЖ босаңсытады, қанды оттегімен
байыту арқылы күш-қуат деңгейін жоғарылатады,
атқарылатын қимылдардың нақтылығы мен
икемділігіне ықпал етеді, шамадан тыс қозуды
төмендетуге және тыныштандыруға көмектеседі.