«Әріптер» атты коррекциялық сабақ.
Мақсаты: байқағыштық пен ерікті, зейінді дамыту, зейіннің тұрақтылығын, бөлінуін, шоғырлануын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: тренинг-сабақ
Пайдаланатын әдістер: интерактивтік әдістер,талдау, болжау, сұрау.т.б.
Қолданылатын материалдар: үлестірмелер, қиылған әріптер, суреттер.
Ескерту: бұл сабақ бастауыш сыныптарға арналған.
1-жаттығу. «Байқағыштық»
Оқушылардан үйден мектепке дейінгі жолда күнделікті көріп жүрген барлық нәрселерді толығымен айтып шығуды тапсыру.
2-жаттығу. «Зейінді дамыту»
Тақтаға бірнеше әріптер ілінеді.қатардағы артық әріптерді бояймыз, сосын сол әріптерден сөз құрау керек.
3-жаттығу. «Айырмашылықтарды табу»
Оқушыларға екі бірдей сурет көрсетіледі. Суреттегі 5 айырмашылықтарды табу керек.
Сұрақ: суреттердің бір-бірінен айырмашылығы қандай? Ұқсастықтарды табу қиын болды ма? (тағыда бірнеше суреттер берунге болады)
4-жаттығу. «Әріптерді тану»
Тақтаға әріптер жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларанықтап қарап,қандай әріптер жасырынғанын табулары керек.
В
5-жаттығу «Шығармашылық ойлауын дамыту»
Тақтаға плакат ілінеді. Жартылай жазылған әріптер көрсетіледі. Әріп толығымен шығуы үшін әрі қарай жалғастырып жазыңдар.
6- жаттығу.»Корректура»
Мәтіндегі сөздердің арасынан бір әріптерді тастап кетіп жазамыз. Оқушылар сол қателерді тексеріп, қалып қойған әріптерді жазып шығады.
Мысалы: оқушылар дема...ыс үйіне келді. Демалыс үйі қал...ң қарағайдың арасында ек...н. жанында үлк...н көл бар.к...лдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Бал...лар қайық...а отырып серуендеді.
7- жаттығу. «Топтастыру»
Оқушыларға жеке үлестірмелер таратылады. Үлестірмеде 3-ке бөлінген таблица берілген. Таблицаға мынгадай сөздерді топтастырып жазулары керек. Аяқ киімддер, ойыншықтар, мектеп құралдары.
Берілген сөздер: қуыршақ,қолғап, пенал,доп, сөмке,қалам, дәптер,конструктор,сызғыш, машина,етік, қоян, бәтеңке.
8- жаттығу. «Кеңістікке бағыт ала білу»
Тақтаға сызықтармен жазылған сөздер ілінеді. Оқушылар сызықтарды қосып,табулары керек.мынадай: «жарайсыңдар» «Сабақ аяқталды» деген сөздер шығады.
9-жаттығу. Тренинг «Суретші»
Оқушылар бірінің артына бірі тұрып,арқаларына саусақпен сурет салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып,артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.
Сұрақ: сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз? Қандай сурет салып жатқанын бірден байқадыңыз ба?
10. Қорытындылау. Оқушылардың пікірін тыңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |