Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет121/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
 
Психологиялық дағдарыс және дағдарыстық жағдайлардың түрлері 
Дағдарыс жағдайлары мен дағдарыстар адам өмірі секілді әркімде әртүрлі болады.
Дағдарыстардың негізгі түрлері келесідей: 
• даму дағдарысы; 
• қарым-қатынас дағдарысы;
• жан дүниесінің дағдарысы; 
• 
айырылу дағдарысы; 
• өмір мәнінің дағдарысы; 
• моральды-этикалық дағдарыстар. 
Дағдарыс – тұлға дамуының дискретті кезеңінде, мақсатты өмірлік іс-әрекеттің 


86 
жойылуы кезіндегі адамның күйі. Ұзақ созылмалы дағдарыс – әлеуметтік бейімделу, өзін-өзі 
өлтіру, жүйке-психикалық немесе психосоматикалық қасіретке душар етеді. Дағдарыстың 
ұзақ сақталуы мінез-құлық акцентуациясы бар, өмірлік көзқарасы («әлем әдемі» - «әлем 
қорқынышты») жоқ, өмірлік мақсаты бірізді адамдарға тән. Дәл осындай адамдар 
дағдарысты бастан кешу кезінде көмекке мұқтаж. 
Теоретиктер де, практиктер де, дағдарыс жағдайында күйзелісті еңсеруге тырысқан 
кезде адам физикалық және психологиялық жүктеменің белгілі бір түрін басынан өткереді 
деп санайды. Эмоциялық шиеленістер мен стрестік жағдайды басынан өткерген адамда жаңа 
жағдайды еңсеріп, оған бейімделуге немесе өмірлік функцияларды атқаруының төмендеуіне 
немесе мүлдем тоқтап қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Дегенмен, кейбір жағдайлар барлық 
адамдар үшін стресс болуы мүмкін, бірақ олар жеке сипаттамаларына байланысты әсіресе 
әлсіз адамдар үшін дағдарысқа айналуы мүмкін. 
Отандық және шетелдік әдебиеттерде көптеген жағдайлардың жіктемелері ұсынылған: 
• дағдарысты жағдайлар (Ф.Е. Василюк); 
• 
қақтығыстар, физикалық қауіпті жағдайлар, белгісіздік жағдайлар (К. Левин); 
• 
аффектогенді өмірлік жағдайлар (күшті эмоциялық шиеленістік жағдай) (Ф.В. Бассин); 
• психологиялық дағдарысқа әкелетін қақтығысты жағдайлар (А.Г. Амбрумова); 
• қиын жағдайлар (А.Я. Анцупов, А.Н. Шипилов) және басқалар. 
Дағдарыс жағдайы деп адам өміріндегі маңызды мақсаттарды іске асыруда кедергіге тап 
болып, оны жеңе алмаған кездегі жағдайды айтуға болады. Дағдарыс жағдайының екі түрі 
бар: табиғи өмір цикліндегі немесе жарақатты өмірлік оқиғалардағы өзгерістерге 
шартталған. 
Дағдарыс тобына жататын жағдайлар негізінен объективті және субъективті 
компоненттерге ие болуы мүмкін. Объективті компонент сыртқы, заттық және әлеуметтік 
әлемнің әсерімен сипатталған, ал субъективті компонент - адамның жағдайды сыни деп 
қабылдауына және бағалауына негізделген. Осыған орай, дағдарыс жағдайды екі бағытта 
дамитын әлеуметтік ахуал ретінде сипаттауға болады (А.Г. Амбрумов): 
а) тұлғалық – туындаған ішкі қақтығыс адамның мінез-құлықтық сипаттамаларына 
негізделіп бұрынғыдай жақсы сыртқы жағдайға қарамастан, бірінші пайда болған; содан 
кейін ғана ішкі қақтығыстың шиеленісі адамның мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын 
өзгерте бастайды, сыртқы жағдайдың нашарлатып оны қақтығысқа, тіпті стресске 
айналдырады; 
б) жағдаяттық – психологиялық зақымдануды стимулдардың қолайсыз сыртқы әсерінің 
бірқатары психиканың нашар жұмыс істейтін қорғану механизіміне түскенде, эмоционалды 
жүктемеге деген төмен төзімділік. 
Сондықтан дағдарысты жағдайларды екі топқа бөлуге болады: 
1) сыртқы жағдайлармен анықталғандар; 
2) адамның қабылдау сипатымен, сондай-ақ жеке-типологиялық ерекшеліктерімен 
анықталғандар. 
Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, адам үшін қолайсыз нәтижеге немесе 
ықтимал жағдайды екіге бөлуге болатындығын көрсетеді: 
1) субъектінің сипаттамалары мен шарттарына байланысты; 
2) адамның әлеуметтік қатынастарының сипаттамасымен, оның өмір сүру 
жағдайларымен, сондай-ақ олардың түсіндірілуіне қатер төндіретіндермен анықталғандар. 
Ф.Е. Василюк өз өмірінің құндылықтарын жүзеге асыру үшін дағдарысты жағдайды 
«мүмкін емес жағдай» ретінде анықтады. Ол бұл жағдайды төрт жолмен сипаттайды: стресс; 
фрустрация; қақтығыс; дағдарыс. 
Күрделі жағдайдың түрі парализге ұшыраған адамның тіршілігі өмірдің қажеттілігімен 
айқындалады. Бұл, өз кезегінде, субъектінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін бұзады. 
Ф.В. Бассин «санаулы өмірлік жағдайларды», яғни, эмоционалдық стресстің жағдайларын 
атап көрсетті. Олар психологиялық жарақатқа алып келеді: жеке тұлғаның ең маңызды 
құндылықтарына әсер етеді; психологиялық қорғау шараларын жояды. 


87 
Бұл жеке тұлғаның тепе-теңдігін, сондай-ақ оның сыртқы әлемге бейімделуін бұзады. 
Жағдайдың маңызды компоненті эмоционалдық стреспен анықталады, ал оның адамға әсер 
ету дәрежесі – адамның әсер ету күшімен және реакцияларымен анықталады. 
А.Г. Амбрумова дағдарыс жағдайын ішкі тұлғалық күйзеліспен және реакциялармен 
байланыстырады. Ол ситуациялық реакцияларды алты түрге бөледі: 
1) эмоциялық теңгерімсіздік реакциясы; 
2) пессимистік жағдайлық реакция; 
3) теріс баланс реакциясы; 
4) демобилизацияның жағдайлық реакциясы; 
5) оппозицияның жағдайлық реакциясы; 
6) дезорганизацияның жағдайлық реакциясы. 
Дағдарыстың пайда болуының қажетті шарты – бұл маңызды эмоционалды жүктеме, 
адамның маңызды қажеттіліктеріне тосқауыл қою және оған жеке жауап беру болып 
табылады. 
Т. Гриинг бойынша, психологиялық зақымдану адам психологиялық зақымданғаннан 
кейінгі зақымдану белгілерімен байланысты. Жалпы зақымдану физикалық, жүйкелік, 
эмоциялық болуы мүмкін. Оның сипатына қарамастан, ол өмірге, жеке игілікке, әлемнің 
бейбітшілігіне қауіп төндіреді. Зақымданғаннан кейінгі зардап салдарынан күйзеліске 
оптимизмнің жоқтығы, жағымсыз өмірлік тәжірибе себеп болады.
Жағдайды айқындауға арналған негізгі тәсілдерді талдау – жеке адамның дамуына қауіп 
төндіретін жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Олар: 
• адамға әсер ететін қоршаған ортада орналасқан эмоциогендік негіздер – «маңызды» 
болып табылады және қақтығыстардың туындауына ықпал етеді; 
• дағдарыс динамикасының дамуының ішкі құрамдас бөлігін анықтайтын жеке-
типологиялық жеке қасиеттер. Бұл элемент адамның бағытымен көрсетілуі мүмкін және 
белсенді немесе енжар бейімделушілік мінез-құлық түрінде көрсетілуі мүмкін; 
• дағдарысты жағдайдың субъективті көрінісін бейнелейтін жеке қабылдау-когниция 
жағдайы. Адам жағдайды қабылдап, оны дағдарыс деп түсінетін және типтейтін болса, ол 
дағдарысты жағдайды болжайды. 
Дағдарысты жағдай – әлеуметтік жағдайдың бір түрі. Сыртқы немесе ішкі әлемдегі 
оқиғалардың жиынтығы арқылы бір сәтте күшті немесе әлсіз, бірақ ұзаққа созылған 
психологиялық жарақаттардың салдарынан болады. Бұл әсер адам психикасында сынға 
ұшырайды және «қорғанушылық-компенсаторлық» формалар түрінде жеке жауап беру 
үлгілеріне (мінез-құлық стереотиптеріне) ауысуға бейім келетін жағдайлық реакциялармен 
бірге жүреді. 
Дағдарысты жағдай когнитивтік, эмоционалдық және мінез-құлық салаларында көрініс 
табады, сондай-ақ жеке тұлғаның психологиялық уақытына әсер етеді. Оның көріністері: 
стресс, фрустрация, психологиялық дағдарыс, ішкі тұлғалық қақтығыс, эмоционалды 
қоздырғышқа жауап беру жағдайлары және т.б. 
Дағдарысты жағдай әрдайым адаммен жете түсіндірілмейді. Оның бар жоқтығы жанама 
белгілермен бағаланады. Бұл, әсіресе, жасөспірімдердің мінез-құлқы түрінде көрінеді. 
Дағдарысты жағдайдың шығуға негіз болатындар: 
• мұқтаждықтың концепті – қажеттілікке байланысты, уәжі бұғатталған; 
• ішкі психикалық шиеленіс; 
• жеке жағдайлық реакциялар; 
• 
жеке жауап қайтару паттерндері – мінез-құлық стереотиптері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет