99
әлеуметтік оқшаулау, әлеуметтік қорғансыздық және ортадағы тұрақсыздық жағдайында
болашағынан қорқу. Туа біткен жәбірленушілер болмайды, бірақ адамның жеке, психикалық
және әлеуметтік қасиеттері мен сапалары (пассивтілік, қорқыныш, иланушылық,
тұрақсыздық, немқұрайдылық мінез, қорқақтық, өз-өзіне сенімсіздік және т.б.) адамды
қылмыстың құрбаны етуі мүмкін.
Көп жағдайда зорлық-зомбылық жасаған адам басқаларға үстемдік жасау қажеттілігімен
ерекшеленеді, ал өзіне біреуді бағындыру әдісі қатыгездікке жатады. Ол өз қажеттілігін
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерге бейсаналы түрде ұмтылады.
Зорлаушылардың аз ғана бөлігі психикалық ауратын адамдар. Әсіресе мінез-құлық
акцентуациясы бар адамдар көп кездеседі. Сарапшылардың деректері бойынша,
зорлаушылар арасында психопаттар 49,7%, маскүнемдер - 50,8%, олигофрендер – 36%,
орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар адамдар - 63% болады.
Достарыңызбен бөлісу: