95
әлеуметтік қатынастар сферасы (Г.Н.Вострокнутов).
Зорлық актілер әртүрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін:қарапайым лақап ат қойып тіл
тигізуден өлтіруге дейін.
Отбасылық зорлық-зомбылықта көбіне жақтырмау (теріс көзқарас), қатыгездік (кемсіту,
физикалық зорлық-зомбылық) және сексуалдық зорлық-зомбылық түрлері болады.
Егер бала үй жағдайына мұқтаж болса, физикалық қауiптi ортада өмір сүрсе онда
елемеу – ең алдымен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған немесе қамқорлықтың болмауы
ретінде түсіндіріледі.Бұл жағдайда ата-аналардың мінез-құлқында баланың өмірлік маңызды
(өмірлік) қажеттіліктерін қамтамасыз ету байқалмайды: азық-түлік, киім-кешек, баспана,
күтім, медициналық көмек және қауіпті жағдайлардан қорғану.
Мұның бәріайналып
келгенде күйзеліс жағдайына әкеледі.
Мағынасы бойынша ең жақын – «әлеуметтік жетімдік» ұғымы немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды ата-аналарынан ажырату.
Физикалық қаталдық таныту – қатал дене жазаларын қасақана немесе әдейі қолдану
немесе балаға негізсіз физикалық қысым көрсету ретiнде айқындалады.
Жыныстық зорлық-зомбылық – ересек адамның немесе жәбірленушіге қарағанда жасы
үлкен адамның жыныстық қанағаттану мақсатында баланы пайдалануы. Ол әртүрлі
нысандарда орын алуы мүмкін: азғындық әрекеттер, жыныстық қатынас немесе зорлау, қан
араласу (инвест) сияқты әрекеттер, порнографияларды көрсету,
кәмелетке толмағандарды
жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу.
Сексуалдық зорлық-зомбылық – не істеп жатқандарын толық түсінбейтін, келісім бере
алмайтын, отбасылық (әлеуметтік) рольдердің шартын бұзатын функционалды түрде
дамымаған балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелеу.
Балаларға қаталдық таныту тікелей және жанама әлеуметтік-медициналық зардаптардың
сипаты негізінде өлшенеді. Балаларға қаталдық танытудың сипты келесі:
• жасайтын әрекеттерді бағалау (физикалық, жыныстық, эмоционалды);
• олардың әсер етуінің ұзақтығы және зардаптардың (физикалық, эмоционалдық,
психологиялық) сипаттамасы.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ата-ананың балаларға қатал қарау факторларына:
• психопатиялық ерекшеліктері мен аффективтік қозғыштығы, алкоголизм, қылмыс;
• ата-аналардың жетілмегендігі, олардың оқшаулануы, ата-әжелері жағынан әлеуметтік-
психологиялық қолдаудың жоқтығы;
• ата-аналар өзін-өзі бағалау қасиетінің төмендігі, стресске
пен тұлғалық мәселелерге
төзімділіктің төмендігі;
• балаларды басқаруға ата-аналардың мұқтаж болуы;
• қатаң моральдық стандарттар мен ата-аналардың қыңырлығы;
• жалғыздық және ана денсаулығының нашарлығы.
Балаларға зорлық-зомбылық қөрсетудің салдары көбінесе зорлық циклінің
тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырылады.
Көптеген зерттеушілер, балаға қолданылатын жазаның қатыгездігі мен ата-ананың
отбасында қолданылатын
тәсілдері арасындағы, балалардың жазалануы мен айқын
агрессивтілігі, қылмыс жасағаны және бала күнінде зорлық-зомбылық көрген адамдардың
мейірімсіздігі арасындағы байланыс туралы зерттеу үстінде.
Балаларды ұрып-соғатын отбасылық ішкі жағдайларды психодинамикалық талдау –
олардың ата-аналарының балалық шағында ауыр депривация алғандығын және
депрессиялық, алаңдаушылықтың бұзылуынан, алкогольдік
тәуелділіктен зардап
шеккендігін көрсетеді. Олардың отбасыларында, отбасылық қарым-қатынастың авторитарлы
түрі байқалды, ата-аналар арасындағы қақтығыстар балаларға жасампаздық-агрессивті
қарым-қатынаста әсер етеді. Сондықтан, ата-аналар өздерінің отбасында болған тәрбие
үлгісін қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: