Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Коучинг және кеңес беру: ұқсастықтары мен айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет64/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Коучинг және кеңес беру: ұқсастықтары мен айырмашылықтары
.
Коучинг кеңес беру, терапия және тәлімгерлік сияқты аралас салалардың кейбір 
аспектілерін өзіне алған. Жиі бұл ұғымдар өзара алмастырылатын немесе синонимдер 
ретінде қолданылады. Мысалы, әдебиетте коучинг анықтамасын «дамытушы кеңес беру» 
ұғымы арқылы кездестіруге болады. Бұл ретте коучтар ортасында психологиялық кеңес беру 
практикасымен қандай да бір ұқсастықты жоққа шығару процесі байқалады. 
«Кеңес беру» және «коучинг» ұғымдарын дәл және бір мағыналы ажырату мүмкін емес, 
себебі, жоғарыда айтылғандай, коучинг психоанализ және талдамалық психология, 
гуманистік және экзистенциалды психология, гештальтпсихология, позитивті психология 
және т.б. сияқты кеңес беру тәсілдерінің озық идеяларын бойына сіңірді. 
Кеңес беру тәрізді, коучинг те – тұлғаның саналылығы артуымен және дамуымен 
байланысты көмек көрсететін қызмет түрлері, және, біздің ойымызша, клиенттер тарапынан 
жалпылама сұраныс деңгейінде айырмашылықты жүргізуге талпыныс жасау (коучинг 
жағдайында - бұл мақсаттар қою мен қол жеткізудегі жеке тиімділікті арттыруға сұраныс, ал 
кеңес беру жағдайында – бұл қолда бар өмірлік ресурстарды пайдалана отырып, өмірлік 
проблемаларды шешу, сондай-ақ жаңа ресурстарды іздеу) онша қисынды емес. (Березовская 
Р.А., Мясникова С.В). 
Коучингте клиникалық психологияның кейбір техникасының енгеніне қарамастан, оны 
терапия деп санауға болмайды. Коучинг қиындықтарды талдауға емес, шешімдерді іздеуге 
және қызметті орындауды жақсартуға бағытталған. Коучинг – бұл тәлімгерлік емес, өйткені 
коучинг өз бетінше оқытуға және дамытуға ықпал етеді. Коучтың клиент сияқты салада 
жұмыс тәжірибесі болуы міндетті емес. Сонымен қатар коучингке оқыту стилі реті деуге де 
болады. Іс жүзінде, коучинг – бұл көптеген нысандары бар дамытушы оқыту. Соңында, 
«коучингтің өмір стилі ретіндегі мәні - үздіксіз саналы даму мен өсу» болып табылады 
(Паршиков Ю.). 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет