Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Ұйымдағы коучингтің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет65/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Ұйымдағы коучингтің мақсаты мен міндеттері. 
Көптеген практиктердің пікірінше, 
ұйымдағы коучингтің ролі оның мақсаттарына жетудің ең тиімді жолдарын іздестіру болып 
табылады. Коучинг технологиясын қолдану ұйымның адами ресурстарын анағұрлым тиімді 
пайдалануға және ағымдағы міндеттерді демократиялық тәсілдермен шешуге мүмкіндік 
береді. 
Директивті және директивті емес коучинг
. Коучингтің көптеген әдістері, техникалары 
мен жеке тәсілдері психологияның әртүрлі тәсілдерінен алынған: К. Роджерстің клиентке 
шоғырландырылған психологиялық кеңес беру, Э. Эриксонның жұмсақ гипнозы, 
Ф.Перлздың гештальт-терапиясы, психодрамалар, қысқа мерзімді психотерапиялар және т.б. 

онда клиентпен директивті емес, бағалаусыз өзара әрекеттесуге баса назар аударылады. 
Коучингте о баста қамқорлықтағы адаммен (коуч) осындай директивті емес өзара әрекетке 
баса назар аударылады, коучингтің ұқсас қызмет түрлерінен ажыратылатын сипаты осында 
болып табылады. Коучингтің тиімділігі нұсқау беру, кеңестер беру және ұсыныстар енгізуде 
ғана емес, сұрақтар қою, адам бойындағы тұлғалық және ұйымдастырушылық ресурстарын 
түсінуге көмектесу, іс-әрекеттердің бірегей нұсқаларын анықтау, сол арқылы белгіленген 
мақсаттарға жету мотивациясын арттыру болып табылады. (Березовская Р.А., Мясникова 
С.В.). 
Осылайша, коучинг – өмірдің түрлі салаларында мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған
процесс. Бұл – коучпен ерікті серіктестік қарым-қатынас технологиясы, онда «коуч» 
терминімен коуч-кеңес беру процесін – «коучинг» өткізетін маманды белгілейді, ал «коучке 
жүгінуші» терминімен клиентті белгілейді, оның рөлінде жеке адам да, команда да, ұйым да 
бола алады. Коучинг тұрақты кездесулер түрінде өткізіледі, олар коучинг сессиялары (коуч-
сессиялар) деп аталады. Бұл сессиялардың мақсаты саналылықты арттыру, мақсаттарды 
айқындау, құзыреттілікті арттыру және клиенттің әл-ауқатына қол жеткізу болып табылады. 
Бұл ретте коучтың клиентке билік өкілеттілігі жоқ, оның іс-әрекеті үшін жауап бермейді, ал 
клиент коучке есеп бермейді. Сонымен қатар, коуч жеке тұлғаны дамытумен немесе жалпы 
тиімділікті жақсартумен айналыспайды. Коуч клиенттің проблемаларымен және оның өткен 
өмірімен айналыспайды. Коучтің қызығушылығының саласы – болашақта нақты кәсіби 
немесе жеке мақсат, оған қазіргі шақта қол жеткізу бойынша қадамдар және қазіргі уақытта 
тиімді қозғалуға көмектесетін өткен сабақтарды есепке алу (Зиневич О.В., Петрова Э.Д) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет