55
жалғыз дерек бала алдында беделге ие болу үшін жеткіліксіз. Өзара сыйластық балаға деген
сенім, оның таңдау мүмкіндігі, өз пікірін білдіруі арқылы көрінеді. Егер балалар қателессе,
онда оларға жіберген қателігінің мәнін және оның салдарын түсіндіру қажет. Айып тағу мен
жазалау баланың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі және әділ болуы тиіс. Өз қателіктеріңізді
де мойындап үйреніңіз. Күрделі міндеттерді шешуде қолдау көрсетіп, балаға демеу болыңыз,
бірақ барлық еркеліктеріне көз жұмып қарауға болмайды. Көтермелеу де, жазалау да әділ
болуы тиіс.
Таңдау құқығы.
Тәрбиелеу процесіндегі ерекше тармақ – балаға өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру.
Саналы жаста балаларда өзіндік талғамдары, қызығушылықтары болады. Балаға не кию, не
жеу керектігін өз бетінше шешуге мүмкіндік беріңіз. Осы мәселелер бойынша кез келген
дауларды өзара шешуге болады. Баламен өз әрекетіңізді, оның қылықтарының себептері
қандай болуы мүмкін екенін талқылаңыз. Неге сіз онымен келіспейтіндігіңізді немесе қандай
қолдау көрсетініңізді түсіндіріңіз.
Сенімді қарым-қатынастар.
Балаға дәлелсіз
бақылау неғұрлым көп болса, онда баланың құпиялары пайда болады.
Параноик-ата-ана деген ұғым – бұл аңыз емес. Көптеген отбасыларда 18 жасқа дейінгі
балалар тоталитаризм кезіндегі секілді өмір сүреді, содан кейін ата-аналар олардың балалары
неге есірткі шегеді, ішеді немесе үнемі қиын жағдайларға душар болады деп таңқалады. Сіз
баланың әрбір қадамын бақылай алмайсыз, бірақ сіз балаңыздың өзіңізге барынша сенуіне
қол жеткізе аласыз. Еркін сезіну, қатаң бақылаудың болмауы жауапкершілік сезімін
шыңдайды. Сенім артқан бала ата-анасын жерге қаратпауды үнемі жадында ұстайды. Ол
үшін бұл сатқындықпен тең болады. Балаңызға сенім білдіру арқылы оның бойында шынайы
адалдықты тәрбиелейсіз.
Өз балаңызға сенім білдіру.
Балаларға жұмыстарды сеніп тапсырып қана қоймай, олардың тапсырған істі табысты
орындайтындығына сену керек. Жас армандаушылар
ғалым немесе өнер адамы,
өнертапқыштар – инженер және конструктор бола алады. Баланың кішкентай кезінде оның
алдынан кедергі туындауы немесе қауіп төнуі мүмкін деген ой мүлдем болмайды.
Балаңыздың жетістігінің 50%-ы – ата-ананың бала бойындағы қабілеттері мен
мүмкіндіктеріне деген жеке көзқарасына тікелей байланысты. Жалпы балаларды ойын
сәтсіздікке бағдарламалаудың қажеті жоқ. Тіпті сәтсіздік орын алған жағдайдың өзінде де
адам өмірінде сәтсіздіктер болатындығын және орын алған сәтсіздіктен адам өмірлік
тәжірибе жинақтап, сабақ алатындығы туралы айтып түсіндіру
арқылы балаға ата-ана
тарапынан қолдау көрсеткен абзал. Балалар өз идеяларын басқалардың әсіресе ата-анасының
қолдауына және сүйемелдеуге мұқтаж. Ересектер бала бойындағы күш қуатты дұрыс
бағытқа бағдарлап, іске асыру жолындағы күрделі міндеттерді шешуге көмектесе алады.
Сонда ғана бала өз алдында туындаған кез-келген қиындықтарды жеңе алатынын және сіз
оларға қамқоршы екендігіңізді білетін болады (Балаларға арналған коучинг).
Коуч-кеңес беруші маманға проблема туындағанға дейін жүгіну керек. Баланы, ата-
ананы түсініп, оған көмек көрсете алатын, олардың ішкі жан дүниесіне, сезіміне зиян
тигізбей мінез-құлығындағы ауытқуларын түзетуге қолдау көрсететін «өз»
коуч-маманын
таңдау өте маңызды. Белгілі бір проблема немесе жағдай төңірегінде шырмалып әрдайым тек
сол туралы ғана ойдан арылту, яғни рефлексияны Рефлексия, яғни жағдайды түсіну және
бір-бірін қабылдау балалардың да, ересектердің де өміріндегі шиеленісті айтарлықтай
төмендетеді. Коучинг мәселенің себептері мен мәнін көруге және клиент үшін мәселені
тиімді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Баланы оқыта отырып, біз өзіміздің де
оқитынымызды және өзіміз өзгеретінімізді есте сақтау қажет.
Ата-ана баланың қызығушылығына қарай дамуына көмек беріп, жағдай жасайды.
Сонымен қатар ата-аналар өмірде табысқа жету үшін маңызды қасиеттерді баланың бойына
дарытқысы келеді. Бұл жерде біз де баланың елде және социумда өзіндік орны бар тұлға
болып қалыптасу үшін қажетті мінез-құлқын дамытуға көмектесе аламыз. Ата-аналар
56
баланың негізгі уәждемесін қаншалықты ерте түсініп, оны өз құндылықтарымен
салыстыратын болса баланың бойындағы басқа мінез-құлықтарын
дамыту оңайырақ
болатынын есте сақтау қажет. Қасиеттер неғұрлым көп дамыған сайын, бала әр түрлі
жағдайларда жан-жақты және үйлесімді әрекет ете алады.
Негізінде біздің іс-әрекеттерімізді қозғаушы 7 негізгі түрткі бар тұлғаның типологиясы
жатыр. Олар бірнеше болуы мүмкін, бірақ жетекшісі біреу. Жаман мінез-құлық жоқ,
әрқайсының артықшылықтары мен кемшіліктері бар және олар бір-бірімен өзара тығыз
байланысты болады. Біз олардың кейбіреулерін тұлғаның басқа типтерін дамыту жолымен
теңдестіре аламыз.
4-
кесте. Түрткі түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: