66
ДЕНЕНІҢ ОРТА СЫЗЫҒЫНАН ӨТЕТІН ЖАТЫҒУЛАР
«Сегіздік әліпбиі»
1.
Денеңізді
өзіңізге ыңғайлы болатындай
етіп орналастырыңыз.
2.
«Жалқау сегіздіктің» суретін көз
алдыңызға елестете отырып ауада салыңыз (шексіздік
белгісі). Оның ортасы
арқылы жоғарыдан төмен тік
сызық өткізіңіз, осылай сегіздікті екі шеңберге бөліңіз.
3.
Жазу ыңғайлы болу үшін шеңбер
сызықтарын
пайдалана отырып, оң немесе сол шеңбер
әріптерін жазуды бастаңыз.
Шеңбер сызықтары сіздің
әріптеріңіздің бөлігі болып табылады,
оның ішінде қай
әріптің бейнесі нақты болып көрінетінін өзіңіз
таңдайсыз.
4.
Бір әріпті жазып, тағы да сегіздік салыңыз
және оны тік сызықпен бөліңіз. Жаттығу бір әріппен әр қолдың көмегімен 3 рет
және екі
қолмен бір уақытта 3 рет жасалады.
Нұсқа:
сегіздік әліпбиіне сөйлем жазу өте жақсы. Бұл әсіресе күйзелістің деңгейін
төмендету қажет болған жағдайда өте пайдалы. Шеңберге сонымен қатар сандар мен шетел
әлипбиін жазуға болады. Аудиалдық есте сақтауды белсендендіру үшін жазылғандарды
(әріптер, сөздер, сөйлемдер) дауыстап айтуға болады.
Оқу дағдысы:
жазу,
дұрыс жазу, математикалық дағды, шетел тілін үйренуде есте
сақтауды белсендендіру.
Достарыңызбен бөлісу: