2. Оны өзіңізге көрінетін ыңғайлы жерге орналасытырыңыз.
3. Қажетінше бұл белгіге қараңыз.
Нұсқа: бұл белгіні қарама-қарсы иық пен
жамбасты ойша біріктіре отырып елестетуге болады.
«Х» -ты өзіңіздің алдыңызда көзбен диагоналдарын
қосу арқылы, мысалы қабырғада, «сызуға» болады.
Оқу дағдысы: жазу дағдысын жақсартады,
оқуда ұйымшылдыққа көмектеседі.
Қосымша: бұл жаттығу жоспарлай білуін
және жұмыста маңыздыны бөле алуын дамытады,
зейіннің шоғырлануын арттырады; биокулярлық
көруді
дамытады;
қимылдың
үйлесімділігін
жақсартады.
«Жалқау сегіздік» Жүйке талшықтарының миелинизациясы жүреді. Бұл жаттығу түрі іскерлікті,
дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе балалардың сензитивті даму кезеңінде
маңызды. Бұл жаттығу шығармашылық тоқырау кезеңінде өз-өзіне келуге көмектеседі, тіпті
тығырыққа тірілген қиын жағдайда шешім табуға жетелейді деуге де болады.
Орындалуы : тұрып немесе отырып орындалады. Екі қолды алға созып, шынтақты бүгеді,
бас бармақты кеңсірік (мұрынның екі көз аралығындағы қыры) деңгейіне дейін көтеру, ауада
бас бармақпен сегіз санын көлденеңінен салу ұсынылады. Сегіз санының салынуындағы
қозғалыс көзбен бақыланады. Сегіздіктерді оңнан солға және солдан оңға, жоғарыдан төмен
қарай салу керек. Жаттығу 8-10 рет орындалады.