Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


Сурет 1. С.А.Захаров үшбұрышы



бет19/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Сурет 1. С.А.Захаров үшбұрышы

Горизонттар жазбасын жазған кезде, алғашында, топырақ түстері аталады. Көбінесе бір сөзбен түсті сипаттау мүмкін болмайды, онда екі сөзді біріктіріп пайдаланады. Ондай жағдайда бірінші орынға реңкті, ал екінші орынға негізгі түсті қояды, мысалы, сұрғылт-құба, ашық-күрең.


Топырақ түсі, әсіресе далалық жазба кезінде, кесінді қабырғасына жарық түсуіне, күннің қай уақыты екендігіне, ылғалдылыққа байланысты өзгеруі мүмкін, мысалы, ылғалды топырақтың түсі құрғақ топыраққа қарағанда күңгірттеу. Құрғақ топырақтың негізгі түсін көрсету үшін топырақ жазбасына ылғалды топырақтың суретін салып, ал бөлшектерін түрлі карандаштармен бояйды.
Топырақ салмағының пайыздық өлшеммен берілген әртүрлі бөлшектерінің қатынасын топырақтың механикалық құрамы деп атайды. Топырақ жазбасын жазу кезінде топырақ горизонттарының механикалық құрамы бойынша біртектілігін немесе алалығын көрсетеді, линзалардың, кіші қабатшалардың, тілшелердің, кесектердің, уақ қиыршық тастардың болуын, басқа механикалық құрамдағы шөгінділерінің шөгу тереңдігі мен қалыңдығын белгілейді.
Қантты карбонатталған топырақтың механикалық құрамын анықтаған кезде, микроагрегаттарды бұзу үшін 5-10% тұз қышқылының ерітіндісін қолданады.
14-16.3. Топырақтың структуралылығы деп топырақтың бір-бірімен өзара коллоидтық қосылыстармен желімденген, ал кейде жай физикалық күштермен сығылған, жеке бөлшектерден тұратын структуралық кесекшелерге ыдырау қабілетін айтады. Структурасы деп қопсытқан кезде топырақтың белгілі формадағы агрегаттарға ыдырауын айтады. Топырақ структурасы топырақ түзілу кезінде жүретін әртүрлі үрдістердің әсерлерінен пайда болады, олар екі үлкен топтарға бөлінеді: а) топырақтардың агрегаттарға механикалық бөлінуі; б) суға төзімді структураның пайда болуы.
Топырақтың агрегаттарға механикалық бөлінуі ылғалдану, кебу, қату және қызу үрдістерінде, өсімдіктердің тамыр жүйелерінің дамуы әсерінен, топырақтардағы насекомдардың және олардың личинкаларының тіршілігі кезінде жүреді. Топырақ кесекшелерінің бөліну дәрежесі жоғарыдан төменге қарай азаяды – бұл аталған факторлардың әсері көбінесе топырақтың жоғарғы горизонттарында байқалады. Тереңдеген сайын тамырлардың саны және топырақтың агрегаттарға бөлінуіне ықпал ететін барлық факторлардың әсері азаяды, кесекшелердің мөлшері біртіндеп үлкейе бастайды да, топырақта призма тәрізді структураның пайда болуына ықпал ететін барлық сызаттар пайда болады. Тек қана жоғары ылғалдылықтағы топырақтарда, қата бастаған су қабаттарының әсерінен горизонталды структуралар басым болады.
Физикалық әсер етудің нәтижесінде пайда болған кесекшелер суға төзімсіз. Суға төзімсіз структуралы топырақтар ылғалданған кезде еріп кетеді, кепкен соң қабықшамен жабылады. Бірақ табиғатта физикалық ұсақталу үрдісі суға төзімді структураның пайда болуымен жалғасады. Суға төзімді кесекшелердің пайда болу үрдісі топырақ коллоидтарының әсерінен жүреді, олар золь түрінде топырақ сызаттарымен жылжуға қабілетті және кесекшелерге сіңеді. Сосын, коагуляция арқасында қайтымсыз топырақ гельдеріне өтеді. Қайтымсыз гельдермен желімденген кесекшелер судың әсерінен ыдырамайды, себебі суда ерімейтін қосылыстармен желімденген. Кесекшелердің беріктігі әртүрлі және ол негізінен сол горизонттағы катиондарға тәкелді.
Натрий, калий және сутегімен қаныққан коллоидтармен желімденген кесекшелер суға төзімсіз, қаныққан кальций және магний коллоидтарымен желімденген кесекшелер біршама беріктеу, темірмен қаныққандары олардан да берік. Коллоидтардың топырақта жылжитынына және коагуляциялануына 80-120см және одан да төмен тереңдікте, топырақ кесекшелерінің қырларында пайда болатын жылтыр лакталған кесекшелер болуы арқылы көз жеткізуге болады. Басқа теңдес жағдайларда кесекшелердің суға төзімділігі органикалық заттар мен олардың механикалық құрамына тәуелді. Шірінді қышқылдары мен олардың олардың тұздарының көп кезінде беріктігі жоғары болады. Саздақ топырақтарда, жеңіл саздақ топырақтарға қарағанда олар көптеу және беріктеу, ал құмдауыт топырақтарда әлдеқайда берік. Әдетте құмдақ топырақтардың структурасы айқындалмаған.
Структуралық агрегаттардың формасы мен мөлшерінің арақатынасына қарай структураның үш типін ажыратады: куб тәрізді – бұл структуралық агрегаттың биіктігі, ені және ұзындығының мөлшері бірдей жоғарға горизонттар, ол жеңіл механикалық құрамды топырақтарға тән; призма тәрізді – агрегаттар биіктігі ені мен ұзындығынан үлкен, саздақ және сазды топырақтарда, жер бетінен біршама тереңдікте қалыптасады; жалпақ агрегаттар – ұзындығы мен ені биіктігінен әлдеқайда үлкен және плиталардан, қабыршақтардан және т.б тұрады, су – физикалық және химиялық қасиеттері нашар, құнарлылығы нашар горизонттарда қалыптасады. Олар шымды, глейлі және солодтанған горизонттарда қалыптасады. Топырақ структурасы типтерінің шегінде мөлшеріне қарай топырақтар тектер мен түрлерге бөлінеді (1-кесте). Структуралардың тектері мен түрлері әртүрлі жағдайларда пайда болады, сол себепті сол немесе басқа структуралық агрегаттар формасы әртүрлі топырақ горизонттарына тән болады. Кесекшелі, түйіршікті структура көптеген топырақтардың жоғарғы горизонттарына тән.
Жаңғақты-ұсақ призмалы топырақтар жер бетінен біршама тереңдікте орналасқан горизонттарда пайда болады, кесек және призмалы топырақтар терең горизонттарда басым. Топырақ структурасының жазбасын түсіруде оның формасы мен мөлшерін жатқа білу керек. Структуралық кесекшелердің мөлшері топырақтың сулық, ауалық және қоректік қасиеттерін айқындайды. Негізінде кесекті немесе түйіршікті структурасы бар топырақтар ең жақсы қасиеттерге ие.
Мұндай топрақтардың кесектерінің ішінде ылғал болады, ал беттерінде, микроағзалардың тіршілігі арқасында қоректік элементтер пайда болады; кесекшелер арасында өсіп жатқан тамырларға керекті ауа оттегісі бар. Структуралық кесекшелердің бұзылуы жаңбыр тамшыларының әсерінен екі және үшвалентті катиондардың орнын бірвалентті катиондар басуы және органикалық заттар мөлшерінің азаюыарқылы жүреді.
Топырақ структурасын қалыптастыру мен қалпына келтіру іс-шараларына топырақтың бетін қорғау, органикалық тыңайтқыштарды енгізу, әкпен қанықтыру, тереңдетіп жырту жатады.
1 -кесте
Структуралар түрлері (С.А. Захаров бойынша)



Структура тектері

Структура түрі

І және ІІ түрлер ІІІ – түрлі жекеленген қалыңдықтар үшін көлденең көлемдер, мм

І түр – куб тәріздес структура, қырлары мен қабырғалары нашар айқындалған

Малта тасты, формасы дұрыс емес және беттері тегіс емес
Түйіршікті дұрыс емес дөңгелек формалы, беттері аэробты дөңгелек бедерлі

  1. Ірі малта тасты

  2. Ұсақ малта тасты

  3. Ірі түйіршікті

  4. Түйіршікті

  5. Кіші түйіршікті

100 және одан үлкен
100-50
50-30
30-10
10-0,5

Шаңды

6. Шаңды

0,5 кіші

Қырлары мен қабырғалары жақсы айқындалған

Жаңғақ тәріздес – шамамен дұрыс формалы, беттері салыстырмалы түрде тегіс, қабырғалары үшкір.

Ірі жаңғақты
Жаңғақты
Кіші жаңғақты

10
10-7
7-5

Дәнекті – біршама дұрыс формалы, кейде дөңгелектеу, сызықты және біркелкі, кейде тегіс және жылтырақ

Ірі дәнекті
Дәнекті
Кіші дәнекті

5-3
3-1
1-0,5

ІІ түрі – призма тәріздес структура. Қыры және қабырғасы жақсы айқындалған

Баған тәріздес – дұрыс формалы, дөңгелек басты және жалпақ негізді, тегіс жақсы айқындалған бүйір қырлы

Ірі бағанды
Бағанды
Жұқа бағанды

50 және одан үлкен
50-30
30 және одан кіші

Призмалық - беттері жазық және қабырғалары үшкір

Ірі призмалық
Призмалық
Ұсақ призмалық
Жұқа призмалық

50-30
30-10
10-5
5 аз

ІІІ түр – қалқан тәрізді структура

Плита тәріздес – қатпарлы дәнекерлігі жақсы немесе нашар жетілген горизонтал жазықты

19. Сланецті
20. Плиталы
21. Пластиналы
22. Жапырақты

5 үлкен
5-3
3-1
1 кіші

Қабыршақты - салыстырмалы кішігірім, кейде иілген жазықтық және жиі сүйір қабырғаларымен

23. Қабық тәріздес
24. Ірі қабыршақты
25. Ұсақ қабыршақты

3 үлкен
3-1
1 кем

Топырақтың бітімі топырақтың тығыздық дәрежесін және байланысуын, топырақ бөлшектерінің орналасуын және бос жерлерді, капиллярлық аралықтарды, каналдарды, ұяшықтарды сипаттайды.


Тығыздығы бойынша топырақтардың келесі бітімдерін бөліп көрсетеді: шашыраңқы – топырақ күректен сырғып түсіп қалады; борпылдақ – топырақ кесекшелерге бөлініп шашылады, пышақ топыраққа жеңіл кіреді, тығыздау – топырақ шашылад немесе ірі кесектерге, пластинкаларға жеңіл бөлінеді, пышақ біраз күшпен кіреді, тығыз – топырақ кесектері күшпен сынады, күректен ірі кесек күйінде түседі де кесектерге бөлінеді, пышақ 5-6 см тереңдікке үлкен күшпен кіреді; өте тығыз немесе тұтасқан – топырақ бөлінбейді деуге болады, күрек үлкен күшпен 1-2см тереңдікке, ал пышақ 2-3см тереңдікке дейін кіреді.
Топырақ бітімінің байланыстылығы бойынша ажыратылуы: қатты байланыстағы – күрекке өте қатты жабсады және қиындықпен түседі; орташа байланыстағы – күректі сілкігенде жеңіл түседі; нашар байланыстағы – күрекке жабыспайды.
Топырақ бітімін кеуектері бойынша ажырату (С.А. Захаров бойынша 1925)
Кеуектер диаметрі, мм
Өте кіші кеуекті 1-ден кем
Кеуекті 1-3
Губка тәрізді 3-5
Тесікті 5-10
Ұяшықты 10-нан үлкен
Каналды 10-30
Түтікті 30-дан жоғары
Топырақтың бітімі структуралық агрегаттар арасындағы қуыстар мөлшері бойынша төмендегідей бөлінеді:
Жарық сызатты, мм
Кіші сызатты 3-тен кем
Сызатты 3-тен 10-ға дейін
Саңылаулы 10-нан үлкен

Топырақтың далалық жазбасында топырақ бітімі кеуектер мен сызаттардың мөлшері мен тығыздығына байланыстыра көрсетіледі.


Қосындылар – топырақ қабатына механикалық түрде еніп кеткен денелер, олар белсенді топырақ түзілу үрдістеріне қатыспайды, көбінесе олар тастар, малта тастар, уақ қиыршық тастар, таскөмір.
Жаңа түзілімдер дегеніміз топырақтың химиялық сіңіру қабілеттілігінің нәтижесінде және топырақ түзілу үрдісі барысында пайда болған бөлшектер жиынтығы. Шығу тегіне байланысты оларды биологиялық, органикалық-минералдық және минералдық деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет