Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар



бет121/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің жалпы сипаттамасы.
2. Орталық қан жасау мүшелерінің (сүйек кемігі майы, тимус, клоака қапшығы) дамуы, топографиясы және құрылысы.
3. Шеткі қан жасау мүшелерінің (көкбауыр, Лтн-дері, ЛЭҚ) дамуы, топографиясы және құрылысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінің маңызы:
1. Организмдегі қантүзілу процесін және қанның морфологиялық құрамы мен иммундық тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етеді,
2. Қорғаныс қызметін атқарады (құрамындағы макрофагтар мен иммундыхабардар жасушалар организмге түскен бөгде заттар мен істен шыққан жасушалар мен олардың қалдық бөлшектерін, микроорганизмдерді жояды),
3. Бұларда қан мен лимфаның қоры уақытша сақталады.
Жануарлардың эмбриондық даму кезеңінде сарыуыз қапшығы қабырғасында мезенхимадан жетілген көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар (қантүзілудің мезобластикалық кезеңі) қан жасау мүшелеріне, алдымен бауыр мен көкбауырға (гепато-лиенальды кезең), одан соң сүйек кемігі майына (медуллалы кезең) келіп қоныстанып, бөліну арқылы көбейіп, маманданып жетіліп, организмдегі қантүзілу процесін іс жүзіне асырады. Сүйектер кемігі майында - діңгекті жасушалардан қан жасушаларының көпмүмкіндікті, олардан бірмүмкіндікті (унипотентті) бастама (ізашар) жасушалары – бласттар жетіліп, олардан эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары дамиды. Қан жасау мүшелеріндегі ретикулалы ұлпа мен макрофагтар жасаған қолайлы микроортада Т- және В- лимфоциттердің ізашар жасушаларынан иммундыхабардар (иммундыкомпетентті) Т- және В- лимфоциттер түзіліп, олар қанның ағысымен тимусқа және ішек түйіншелеріне (құста - клоака қапшығына) барып, антигенге тәуелді Т- және В- лимфоциттерге айналады. Олар шеткі қан жасау мүшелеріне қанның ағысымен өтіп, көбейіп маманданып, организмдегі иммундық қорғанысты қамтамасыз ететін эффекторлы (әсерлі) жасушаларға айналады.
Қан жасау мүшелері - құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Олар паренхимадан және стромадан тұрады. Сүйектің қызыл кемігі майы, көкбауыр, ЛТн-дері, лимфо-эпителиальды құрлымдар паренхимасының негізін ретикулалы ұлпа, ал тимус пен фабриций (клоака) қапшығы паренхимасының – торлы-эпителиальды ұлпа құрайды. Ретикулалы және торлы-эпителиальды ұлпалардың жасушалары (ретикулоциттер, өсінділі эпителиоциттер) мен макрофагтар қан жасау мүшелеріндегі қантүзілу процесінің жоғары деңгейде жүруіне қолайлы микроорта түзеді. Қан жасау мүшелерінің паренхимасы - миелоидты ұлпадан (эритроциттер, гранулоциттер, мегакариоциттер туындысы – қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттердің ізашар бастамалары – бласттар түзілетін ұлпа) және лимфоидты ұлпадан (Т-, В-лимфрциттер, плазмоциттер түзілетін ұлпа) құралған. Бұлардың негізін ретикулалы ұлпа және торлы-эпителиальды ұлпа түзеді. Қан жасау мүшелерін қанмен жабдықтайтын қойнауша капиллярлар мен поственулалардың ерекше құрылысы мүшелер арқылы ағып өтетін қан мен лимфаның ағысын мейлінше баяулатып, пісіп жетілген қан жасушаларының қан жасау мүшелерінің паренхимасынан аталған тамырлар арнасына өтуіне толық мүмкіндік береді.
Сүйек майы – белгілі деңгейде өздігінен реттеліп отыратын діңгекті жасушалар топтары (популяциялары) орналасқан орталық қан жасау мүшесі. Омыртқалы жануарларда екі түрлі сүйек майы болады: жілік майы және сүйектің қызыл кемігінің майы. Жілік майы – жіліктер қуыстарында түзіліп жиналатын май ұлпасы, қоректік заттар қорының қызметін атқарады. Оның негізін ретикулалы ұлпа және БДҰ-ы құрайды. Май ұлпасын құрайтын липоциттер (адипоциттер) – БДҰ-ындағы адвентициальды жасушалардан жетіледі. Кейбір ауруларға байланысты (мыс. Қан кету т.б.) сүйектің қызыл кемігі майында қантүзілу процесінің деңгейі төмендесе, онда жілік майында қосымша қан жасау ошақтары түзіліп, қантүзілу процесі жүреді.
Сүйектің қызыл кемігі майы (СҚКМ) – жануарлар организміндегі қан жасау мүшелері жүйесінің орталық мүшесі. СҚКМ-да діңгекті жасушалардан қан жасушаларының бастама ізашар жасушалары – бласттар түзіледі. Олардың көбі (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) СҚКМ-да толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал лимфобласттар қанға өтіп, қанның ағысымен тимусқа, көкбауырға, ЛТн-деріне, ЛЭҚ-дарға барып, қоныстанып, антигендерге тәуелді маманданып, әсерлі жасушаларға айналады. СҚКМ-ның дамуы. СҚКМ – эмбриогенездің алғашқы кезеңінде-ақ, алдымен жалпақ сүйектерде (жауырын, жамбас сүйек, шүйде сүек, қабырғалар, төссүйек, бассүйектің негіздік сүйектері), кейіннен жіліктер эпифиздерінде, омыртқалардың кемік затында мезенхимадан дамып жетіледі. Қызыл-күрең түсті, қоймалжың келген СҚКМ (дене салмағының 4-5% құрайды) – сүйектердің кемік затының ұяшықтарында орналасады. СҚКМ нысандық шыныларға жұқа жұғындылар жасап, арнайы бояулармен бояп, микроскоппен зерттейді. СҚКМ - сүйектер ұяшықтарындағы эндоосттан торлана таралатын дәнекер ұлпалық желілер аралықтарында, ретикулалы ұлпада орналасады. СҚКМ паренхимасын – жасушалар құрамының көптүрлілігімен ерекшеленетін миелоидты ұлпа (МҰ) құрайды. МҰ микроайналым арнасының қан тамырларының жиі торымен жабдықталған. МҰ-дағы діңгекті жасушалар көбіне эндоост маңында орналасады. Ретикулалы ұлпадағы қойнауша қан капиллярларының айналасында түрлі қан жасушаларының даму қатарлары (эритроциттердің, гранулоциттердің, мегакариоциттердің даму орталықтары) топтасып жатады.
Эритроциттердің даму орталықтары макрофагтардың айналасында пішіні түрлі аралшықтар (жасушалары: эритробласттар, базофилді, полихроматофилді, оксифилді нормоциттер) жасайды. Аралшықтардың ортасында орналасқан макрофагтар эритроциттердің түзілуіне керекті Fe көкбаурдан алып келумен қатар, істен шыққан ескірген эритроциттер мен жетіліп жатқан нормоциттер ядроларын қармап жойып отырады.
Гранулоциттердің даму қатарлары СҚКМ ішіндегі қойнауша капиллярлар айналасында орналасып, аралшықтар жасайды. Даму сатысындағы эозинофилді, нейтрофилді, базофилді миелобласттардан – аттарына сәйкес олардың цитоплазмасында боялған дәншелері болатын миелоциттер, промиелоциттер, метамиелоциттер дамып жетіледі. Гранулоциттердің макрофагтармен байланысы болмайды. Пісіп жетілген гранулоциттер СҚКМ-да қорланып, СҚКМ-дағы эритроциттердің санынан 3 есе көп, ал шеткі қан құрамындағы гранулоциттердің санына қарағанда 20 есе көп болады.
Көпядролы ірі мегакариобласттар мен мегакариоциттер қойнауша капиллярлардың қабырғаларымен жанасып орналасады. Миелоидты ұлпа аралшықтары аралықтарындағы микроайналым арнасы қан тамырларының айналасында моноциттер мен лимфоциттердің бласттары топтасып жатады. СҚКМ-да липоциттер (адипоциттер) көптеп кездеседі.
Айырша без (тимус), АБ – екі бөліктен (таө көкірек, жұп мойын) тұратын, организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызметін бақылып реттеп ортыратын қан жасау және иммундыө қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. АБ-де лимфоциттердің түрлі топтары және тимозин гормоны түзіледі, биологиялық белсенді заттар (инсулин кальцитонин тәрізді заттар) бөлінеді. Ол жас төлдерде жақсы жетілген. АБ–дің паренхимасының негізін құрайтын ретикуло-эпителиоциттер біріншілік жұтқыншақтың 3-4- желбезек қалталарының энтодермасынан дамып жетіледі. АБ паренхимасының лимфоидты ұлпасын СҚКМ-нан қоныс аударған Т-лимфоциттер бастамалары (бласттар) құрайды. Сыртындағы ДҰ-лық қапшықтан АБ ішіне таралатын ДҰ-лық перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер сыртқы қыртысты және ішкі бозғылт заттардан (тимус – Гассаль денешіктері) құралған. АБ жануарлар есейген сайын, бездің мөлшері кішірейіп, біртіндеп май ұлпасына айналады.
Құс клоака (Фабриций) қапшығы (КҚ) – құс организміндегі иммундыбиологиялық қорғаныстың орталық мүшесі. КҚ-ында қапшыққа (бурсаға) тәуелді В-лимфоциттер дамиды. Шеткі қан жасау мүшелерінің В+-лимфоциттер аймақтарында дамып жетіліп, антиденелер түзгіш плазмоциттерге айналады. КҚ-ның көпқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған кілегейлі қабығында майда лимфа түйіншелері орналасады. Құрылысы АБ түйіншелеріне ұқсас (паренхима негізін ретикуло-эпителиоциттер құрайды). Қыртысты затында – тығыз орналасқан кіші лимфоциттер, бозғылт затында ірі және орташа лимфоциттер болады. Сүтқоректі жануарларда КҚ- ның қызметін ащы ішек лимфа түйіншелері атқарады.
3 – сұрақ. Көкбауыр (талақ), К – құрсақ қуысында, бірбөлімді қарынның үлкен иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанасып жатқан, пішіні ұзынша доғалдау келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі қан жасау және қорғаныс мүшесі. К-да бөгде заттар (антигендер), ескіріп істен шыққан эритроциттер, қан табақшалары жойылады, ыдырап жойылған эритроциттер құрамындағы гемоглобиннен - биллирубин және құрамында Fe болатын трансферрин (макрофагтар трансферринді СҚКМ-на тасымалдайды) түзіледі, организмдегі жасушалық және сұйықтық иммунитеттің қалыптасуына қатысыды, СҚКМ-ындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін төмендетін биологиялық белсенді зат бөледі, қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% қорланады. К – мезенхимадан дамиды. Эмбриогенездің алғашқы кезеңдерінде К стромасына миелоидты ұлпа қоныстанып, онда эритроциттер, гранулоциттер, мегакариоциттер дамиды. Кейіннен К-ға орталық қан жасау мүшелерінен орталық артериялар маңына лимфоидты ұлпа жасушалары қоныстанып, миелоидты қантүзілу процесін лимфоидты қантүзілу (алдымен Т-лимфоциттер, кейіннен В-лимфоциттер түзіледі) алмастырады. К-да лимфа түйіншелерімен қатар, оның қызыл жұмсағы да қалыптасып жетіледі. К. – сыртынан ішпердемен және оның астындағы тығыз дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан К-дың ішіне қарай бір-бірімен торлана байланысқан перделіктер таралады. К-дың стромасын құрайтын қапшық пен перделіктердің жиырылу қызметін іс жүзіне асыратын бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерімен арқауланған. Қан тамырлары мен жүйкелер К қақпасы арқылы енеді. Қапшық пен перделіктер аралықтарында, К. паренхимасы негізін құрайтын ретикулалы ұлпада, К-дың ақ және қызыл жұмсақтары орналасады. К-дың ақ жұмсағын орталық артериялардың сыртын қоршай орналасқан тым майда лимфа түйіншелері, ЛТ (К денешіктері – К паренхимасының 20%) құрайды. ЛТ – Т-лимфоциттерден, В-лимфоциттерден, плазмоциттерден, макрофагтардан тұрады. Ол сыртынан жалпақ пішінді ретикулоциттер қаптап жатады. ЛТ –і бір-біріне анық ажырайтын төрт аймақтан құралған: 1.Периартериальды аймақ немесе артериямаңы аймағы (артерия адвентициясы – Т-лимфоциттер көбейіп жетіліп, эффекторлы жасушаларға айналды, саусақша өсінділі макрофагтар), 2.Көбею орталығы (ЛТ-нің ақшыл оталығына сәйкес – В-лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар), 3.Жапқыш аймақ немесе мантий аймағы (тығыз жатқан кіші лимфоциттер, аздаған Т-лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар), 4.Жиекті аймақ немесе маргинальды аймақ (ені 100 мкм – Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер - плазмоциттер, макрофагтар) – ақ және қызыл жұмсақтар шекараларында орналасады. Жиекті аймаққа саңлаулы тесіктері бар қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары жанасып жатады. К-дың қызал жұмсағын – ретикулалы ұлпада орналасқан қан жасушалары, қойнауша вена қан тамырлары құрайды. Вена қойнауларының аралықтарындағы қызыл жұмсақтың бөліктерін көкбауыр байлары (жұмсақ баулары – ЛТ-дегі бозғылтша бауларға сәйкес) деп атайды. Жұмсақ бауларда плазмоциттер толық жетіледі, моноциттерден макрофагтар дамып жетіледі. К-дағы қан айналым: қақпа арқылы К артериясы енеді, перделік артериялары, жұмсақтық артериялары, орталық артериялар, шашақты артериолалар, сопақша артериолалар (гильзалар - сфинктерлер), қан капиллярлары, вена қойнаулары (12-40 мкм), перделік веналар (ет қабығы болмайды), К венасы – қақпадан шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет