Тақырыбы: Көкірек қуысы мүшелерінің және көкірек керегесінің қан тамырлары.
Сабақтың мақсаты: Көкірек қуысы мүшелерінің және көкірек керегесінің қан тамырларымен танысу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 1.Атластар, муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: Көкірек қолқасы (грудная аорта) —- aorta thoracica — көкірек керегесі қабырғасына париетальды тармақтар (дене қабырғасына арналған) — ramus parietalis, көкірек қуысындағы мүшелерге висцеральды тармақтар (ramus visceralis) бөледі. Париетальды тармақтарға: кабырғалараралық артериялар (аа. intercostales), ал жылқыда бұлардан басқа алдыңғы диафрагмальды артерия (a. phrenica cranialis) жатады. Кабырғалараралық артериялар (5- қабырғадан соңғы қабырғаға дейін) өз кезегінде дорсальды, жұлындық және вентральды тармақтарға бөлініп (омыртқалық, алдыңғы қабырғалараралық, бел және қарымшақ артериялары да, осылай тармақталады), аттарына сәйкес дене аумақтары мен мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді. Висцеральды тармаққа өңеш-бронх бағаны (truncus bronchoesophagea) жатады. Ол қолқадан 5-қабырға тұсында бөлініп, одан соң өңеш артериясына (а. oesophagealis) және бронх артериясына (a. bronchialis) ажырайды. Өңеш артериясы өңешті, ал бронх артериясы өкпенің ұлпаларын артерия канымен қамтамасыз етеді.
1-тапсырма.
1-кесте
Көкірек керегесінің артериялары
2-тапсырма. Ішкі және сыртқы көкірек артерияларының көкірек керегесі артерияларына байланысын анықтаңыз. Өлекседен тауып көрсетіңіз
2-кесте