Жануарлар денелеріндегі бұлшықеттердің орташа үлес массасы:
Жылқыда – 47,4 %;
Сиырда - 42,0 % – 47,0 %;
Қой мен ешкіде – 34,0 %;
Шошқада - 31,0 %.
Бұлшықеттің химиялық құрамының орташа көрсеткіштері:
Су - 75,0 %;
Минеральдық тұздар – 1,0 %;
Органикалық заттар - 24 %.
Органикалық заттардың құрамы:
Протеиндер – 20,2 %;
Майлар – 2,0 %;
Көмірсулар – 0,6 %;
Май тәрізді заттар – 0,8 %;
Азотты экстрактивтік заттар – 0,4 %.
Бұлшықеттер түсінің әр түрлі болуы - бұлшықет талшықтары саркоплазмасында құрамында болып, тыныс алу процесіне қатысатын , темір молекуласымен байланысқан миоглобин хромопротеидінің мөлшеріне байланысты. Миоглобин көп болған сайын, бұлшықеттің түсі қызыл-қоңырлана бастайды, ал азайған сайын – бұлшықеттің түсі ақшыл-қызғылт түске айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |