Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет396/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің қысқаша мазмұны:
1- сұрақ. Құстың ішкі мүшелер жүйелері. Ішкі мүшелер жүйелері – көкірек-құрсақ дене қуысында орналасады. Ішкі мүшелер жүйелеріне: азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, еркек және ұрғашы құстардың жыныс мүшелері жүйелері жатады.Құстың азық қорыту мүшелер жүйесі (systema digestoria) – салыстырмалы қысқа болып келеді. Мысалы, тауық пен күрке тауық азық қорыту мүшелерінің жалпы ұзындығы – денесінің ұзындығынан 7 – 8 есе ғана ұзын болады екен. Сондықтан, желінген азық - азық қорыту мүшелерін 2 – 4 сағатта аралап өтеді. Құстың азық қорыту жолы да, сүтқоректі жануарлар азық қорыту жолы сияқты төрт бөлімге бөлінеді. Олар: бас бөлім (ауыз-жұтқыншақ), алдыңғы бөлім (өңеш-қарын), ортаңғы бөлім (ащы ішектер мен ірі азық қорыту бездері) және соңғы бөлім (тоқ ішектер). Азық қорыту жолының бас бөлімінде – тіс, қызыл иек, ерін, ұрт, жұмсақ таңдай болмайды. Ауыз қуысы (cavum oris) тұмсықтан басталады. Тұмсық (rostrum) – бір-бірімен өзара қозғалмалы байланысқан: тұмсықүсті және тұмсықасты бөліктерден тұрады. Сыртынан қатты мүйізді қабықпен қапталған тұмсық – азықты қоршаған ортадан қабылдады қамтамасыз етеді. Тұмсықтың құстардағы пішіні, мөлшері мен қаттылығы – азықтың түрі мен азықтану түрлеріне байланысты болып келеді. Мысалы, тауықтың тұмсығы қатты және ұзын конус тәрізді, ал қаз бен үйректің тұмсығы – жұмсақ және жалпақ болып келеді. Бұлардың ауыз қуысы жиектері бойымен, сезімтал жүйке ұштарына бай, ауыз қуысынан суды сүзіп жіберуге арналған көлденең тақташалар орналасады. Суды сүзіп жіберудің нәтижесінде, азықтық қасиеттері бар заттар, ауыз қуысында сүзіліп қалып қояды. Ауыз қусының төбесін қатты таңдай құрайды. Оның артқы жағындағы таңдай саңылауы – мұрын қуысымен жалғасады. Азықты жұту кезінде, таңдай саңылауының бұлшықеттері жиырылып, жұтылатын азықтың ауыз қуысынан аталмыш саңылау арқылы мұрын қуысына түспеуін қамтамасыз етеді. Ауыз қуысының түбінде тіл орналасады. Тілдің сыртқы кілегейлі қабығында, азықты ауыз қуысында қозғауда механикалық қызмет атқаратын жіпше емізікшелер болады. Құстарда дәм сезімі (татым) емізікшелері болмайды. Құстың тыныс алу мүшелері жүйесі (systema respiratoria) – екі бөлімнен: тыныс алу жолынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолы – мұрын қуысынан, жұтқыншақтан, жоғарғы және төменгі көмекейден, кеңірдектен, бронхтардан және ауалы қапшықтардан, ал газ алмасу бөлімі - өкпеден тұрады. Қысқа да, екі жағынан өте үлкен көз алмаларымен қысалған тар құс мұрын қуысы (cavum nasi) – тұмсықтың жоғарғы жағында орналасады. Оның әр бөлігінде үштен мұрын кеуілжірі болады. Мұрын қуысына үш жұп: мұрын, көз шарасының және көзжасы бездерінің өзектері ашылады. Ауа мұрын қуысынан алдымен жұтқыншаққа, одан соң жоғарғы көмекейге барады. Құстың зәр бөлу мүшелері (organa urinaria) – зат алмасу үдерісінің, оның ішінде құс организміндегі нәруыздық (азоттық) алмасудың соңғы ыдырау өнімдері – зәрді (несепті) сыртқы ортаға бөліп шығарады. Құста зәр бөлу мүшелері жұп бүйректен және жұп несепағардан тұрады. Құстың көбею мүшелері (organa genitalia) де, екі бөлімнен: жыныс бездерінен және жыныс жолдарынан тұрады. Еркек құстарда, жыныс безі - жұп еннен, ал жыныс жолдары –енқосымшасынан және саңғуырдың (клоаканың) ортаңғы бөлімі – уродеумге ашылатын шәуетжолынан тұрады. Құс эмбрионының бастапқы даму кезеңінде, ұрғашы құстар жыныс мүшелері – жұп жұмыртқалық және жұп жұмыртқа жолы болып қалыптасады да, дамудың жетінші-сегізінші күндері-ақ, оң жақ жыныс мүшелері дамуын тоқтатады да, тек сол жыныс мүшелері, яғни сол жұмыртқалық пен сол жұмыртқа жолы ғана толық дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет