Білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Муханбетжан А. М тексерген: PhD қауымдастырылған профессоры Мендигалиева А. С



бет3/6
Дата01.04.2024
өлшемі0,83 Mb.
#200409
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жас келсе іске, БАЙШЕВ ЖОҒАРЫ М-WPS Office, 2,17, ОШ СОР География ОГН 10 класс каз
3.Жүзудің Қазақстандағы дамуы
Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев, Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына (1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды. Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметі жақсарады. [4]



2-сурет. Дмитрий Баландин
Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы
Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы.
2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы.

3-сурет. Нұрдәулет Жұмағали
жазғы паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Нұрдәулет Жұмағали Максутұлы (1999 жылдың 28 – қантарында,Тараз қ. туған). Нұрдаулет 2021 жылдың 24 шілде - 5 қырқүйек күндері аралығында Токиода өтікен жазғы паралимпиада ойындарында қазақстандық 22 жастағы Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен 1:05.20 есебімен (SB13 категориясы, көзі дұрыс көрмейтін спортшыларға берілетін классификация) жүзуде қола медаль алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет