7-сурет. Джулдаспаев Жангир 8-сурет. Андросов Даниил ОБЖСМ Жайық Самалы спортшылары Андросов Даниил Кириллович - (2003 жылы 16 желтоқсанында Орал қ. туған) Жаттықтырушысы Молдашев Ерлан Ермекұлы. Ашық суда жузуден Қазақстан Республикасы чемпионатынын женімпазы. Қазақстан Республикасы жазғы Спартакиадасының женімпазы. Ересектер арасында Әлем чемпионатына катысушы. Андросов Даниил 1800 метрде еркін жузуден 3 ші орынға ал 10 км еркін жузуден 1 ші орынға ие болды. Осы жетістігінің нәтижесінде спортшымыз қазан айында Қытай мемлекетінде өтетін XIX жазғы Азия ойындары 2023 жылдын 23 қыркуйек - 8 қазан кундері аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай Халық Республикасы) етеді. Батыс Қазақстандық спортшы Даниил Кириловичте аталған жарыста еліміздің намысын корғайды.
5. Жүзу спортының физиологиялық әсері Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Бұл суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден бір жолы – осы екенін баса айтқан.
1. Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.
2. Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.
3. Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.
4. Суда жүзуде жақсы нәтиже көрсету үшін дұрыс тыныс алуды үйрену керек. Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.