2.Жүзудің даму тарихы
1-сурет. 1908 жылы Лондон қаласында ұйымдастырылған жазғы Олимпиада ойындары
Спорттық жүзу ең алғаш 15-16 ғасырларда пайда болды. Венецияда жүзуден ең алғашқы жарыстар 1515 жылы өтті. Ал, 1538 жылы Данияда жүзуге арналған ең алғашқы баспа жарық көрді. 1896 жылы Афинада жүзуден алғашқы Олимпиадалық ойындары өткізілді, бұл ойындарда жүзудің еркін жүзу бойынша бағдарламасы енгізілді, сол кезеңдерден бастап, жүзу олимпиаданың бағдарламасына әрдайым қосылып отырды.
Алғаш рет жарыстар ерлер арасында өткен, әйелдер арасындағы алғашқы жарыстар 1912 жылы Стокгольмде бастау алды. 1908 жылы жүзудің Халықаралық федерациясы (ФИНА) жарыс өткізуге арналған негізгі дисциплиналарды және жүзу тәртіптерін өңдеп шығарды. [2]
Спорттық жүзудің 4 түрі бар:
Құлаштап жүзу (кроль) – жүзудің ең жылдам түрі, аяқ пен қол арқылы кезек-кезек ауыстыра және симметриялы қозғалу арқылы жүзу. Әр сермеген сайын қолмен есу арқылы, аяқтары алма-кезек ауысып жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады.
Арқада құлаштап жүзу (кроль на спине) – жай құлаштап жүзуге өте ұқсайтын жүзу стилі. Спортшы аяқ-қолды кезек ауыстыра сермей отырып, аяқтары алма-кезек жоғары көтеріліп, төмен түсіп отырады, тек арқада жүзеді және су астында қолымен тіке малтиды.
Брасс – кеудемен жүзу арқылы, аяқ-қолдары симметриялы қозғалып, су бетінде паралель жүзудің түрі. Жылдамдық көрсеткіші бойынша брасспен жүзу спорттық жүзудің түрлерінен ең соңғы орынды алады, дегенмен де брасс қолданбалы жүзуде ерекше орын алады, себебі спортшыға дыбыс шығармастан жүзуге, су астындағы кеңістікті жақсылып қарауға мүмкіндік береді және орасан зор арақашықтыққа дейін жүзуге мүмкіндік береді.Брасс техникасы сондай-ақ су асты жүзу кезінде де қолданылады.
Баттерфляй – жүзудегі техника жағынан ең қиын және шаршататын стильдің бір түрі. Баттерфляй арқылы жүзу кезінде екі қолды ілгері қарай бірден сермеп, кеудемен малту әдісі орындалады. Жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында.
Жүзуде тағы ерін жүзу әдісі бар. Бұндай жүзуде спортшы кез келген әдістің түрімен жүзуге құқылы. Қазіргі кезде спортшылардың барлығы құлаштап жүзу әдісін қолдаданды, себебі бұл әдіс ең жылдам болып саналады.
Жүзуге арналған бассейн - спорттың суда жүзу түрлеріне арналған тіктөртбұрышты ванна. ФИНА ережелеріне сәйкес бассейіннің ұзындығы 50 метр және ені 25 метрге сәйкес келуі керек. Бассейн 8 жолаққа бөлінуі шарт. Судың температурасы 25-29 градусқа сәйкес болуы қажет. [3]
Достарыңызбен бөлісу: |