СӨЖ тапсырмалары
1
|
Одағай сөздер, олардың мәні мен емлесі тақырыбына
|
Талдау жүргізіп жоба қорғау.
|
2-апта
|
3- апта
|
2
|
Орфографиялық жаттығулар орындау
|
Тақырып бойынша жаттығулар құрастыру.
|
4-апта
|
5- апта
|
3
|
Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту әдістемесі
|
Конспект, талдау
|
5-апта
|
6 -апта
|
4
|
Бастауыш сыныпта пунктуациядан берілетін білім мазмұны
|
Сұрақтар және тест құрастыру
|
6-апта
|
7- апта
|
5
|
Бастауыш сыныпта лексикадан берілетін білім мазмұнына
|
Тереңірек зерттеп, конспектілеп жоба қорғау
|
7-апта
|
10 апта
|
6
|
Байланыстырып жазудың түрлеріне
|
Баяндама дайындау
|
8-апта
|
10- апта
|
7
|
Қазақ тілі әдістемесінің тілі білімімен, педагогика, психология ғылымымен байланысы
|
Конспект, талдау
|
9-апта
|
12-апта
|
8
|
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады, атаңыз.
|
Слайд. конспект
|
10-апта
|
12- апта
|
9.1. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1.1 Дәрістер
ТақырыбыБастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеті, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы.
Сағат саны1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні.Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 2.Қазақ тілін оқытуға қойылатын ғылыми - әдістемелік талаптар.
Дәріс тезисі*Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. «Қазақ тілін оқытудың териясы мен әдістемесі» – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олрадың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. студенттердің қазақ тілі пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс-тәсілдерін меңгерту.Сөз мағынасының өзгеру себептерін, лексикалық мағыналардың түрлерін, шығу, пайда болу тарихын, қазақ тілінің сөздік қорының жалпы сипатын, басты белгілерін меңгертудің жолдарын үйрету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |