Түсу бұрыштарының мәндері тең болғанда, сәуле сынбай толығымен бірінші ортаға шағылады. Бұл жағдайда шағылған және түскен сәулелердің қарқындылығы бірдей болады. Бұл құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп аталады. Шекті бұрыш төменде келтірілген қатынас арқылы анықталады:
Линзалар. Линзадағы құрастырулар
Екі жағы қисық сызықты бетпен шектелген мөлдір дене линза деп аталады (дербес жағдайда екі беттің біреуі жазық болады). Сыртқы пішініне қарай линзалар:
1) екі жағы дөңес (дөңес);
2) бір жағы дөңес, екінші жағы жазық (дөңес жазық);
3) екі жағы ойыс (ойыс);
4) бір жағы ойыс, екінші жағы жазық (ойыс жазық);
5) бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс (дөңес ойыс) болып бөлінеді.
Линзаның қалыңдығы екі бетінің R1 және R2 қисықтық радиустарынан әлдеқайда аз болса, онда мұндай линза жұқа линза деп аталады. Оптикалық схемаларда линзалар жоғары – төмен бағытталған бағдармен белгіленеді.
Дөңес бет үшін қисықтық радиус R>0; ойыс бет үшін R<0. Линза беттерінің қисықтықтарының центрлерінен өтетін түзу бас оптикалық ось деп аталады.
Бас оптикалық осьте орналасқан және одан сәулелер өткенде сынбайтын қасиеті бар нүкте линзаның оптикалық центрі деп аталады (әдетте оны О деп белгілейді).
Линзаның оптикалық центрінен өтетін бірақ бас оптикалық осьпен сәйкес келмейтін түзулер жорамал оптикалықосьтер деп аталады.
Бас оптикалық оське параллель таралатын жарық шоғының сәулелері қиылысатын F нүкте линзаның фокусы деп аталады. Линзаның фокусы бас оптикалық ось бойында жатады.
Линзаның фокусы арқылы өтетін және бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан жазықтық фокалдық жазықтық деп аталады.
Линзаның оптикалық центрі O мен фокустың F арасындағы қашықтық фокустық қашықтық f деп аталады:
Жұқа линзаның формуласы:
мұндағы: a – линзадан нәрсеге дейінгі, b – линзадан кескінге дейін қашықтық. Егер a=, яғнисәулелер линзаға параллель шоқ болып түседі (сурет (a)), онда b= f. Егер b= , яғни кескін шексіздікте орналасады және осының нәтижесінде сәулелер линзадан параллель шоқ болып шығады, онда a= f.
Екі жағынан бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық қашықтықтары тең болады.
- шамасы линзаның оптикалық күшідеп аталады. Оның өлшем бірлігі -диоптрия (дптр) – фокустық қашықтығы 1м-ге тең линзаның оптикалық күші.
Оптикалық күші оң линзалар - жинағыш линзалар, ал оптикалық күші теріс линзалар - шашыратқыш линзалар деп аталады.
Жинағыш линзаға қарағанда, шашыратушы линзаның фокустары жорамал болады. Бас оптикалық оське параллель таралып шашыратушы линзаға түскен сәулелердің жалған жалғасы (сынғаннан кейін) осы жорамал фокуста жинақталады.
Фотометрия
Фотометрия – оптикалық сәулеленудің әнергетикалық сипаттамаларын, жарық шығару, таралу және затпен әсерлесу үрдістерін қарастыратын оптиканың бөлімі.
Фотометриядағы әнергетикалық шамалар - оптикалық сәулеленудің әнергетикалық параметрлерін сипаттайды. Мұнда сәулеленудің ерекшеліктері мен қабылдағыштарға әсері ескерілмейді.
Жарық ағыны - W жарық әнергиясының жарық шығарылу уақытына қатынасы арқылы анықталатнын шама (жарық шығару, жарық қуаты ). Жарық ағыныныңөлшем бірлігі – ватт(Вт).
Энергетикалық жарқырау шамасы (сәуле шығарғыштығы) – жарық ағынының жарық шығаратын беттің S ауданына қатынасымен анықталатын шама (жарық ағынының беттік тығыздығы).Жарқырау шамасыныңөлшем бірлігі – ватт бөлінген метрдің шаршысы (Вт/м2).
Жарықтың энергетикалық күші (жарық күші) – нүктелік жарық көзінің жарық ағынының осы жарық таралатын денелік бұрышқа қатынасымен анықталатын шама. Жарық күшініңөлшем бірлігі - ватт бөлінген стерадин (Вт/ср).
Достарыңызбен бөлісу: |