Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика



бет1/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті

Физика кафедрасы



«Бекітемін»

Факультет деканы

__________ Бекбауова А.У.

«___» __________ 2019 ж.


SYLLABUS


Даярлау бағытының коды және атауы

6B071 Инженерия және инженерлік іс,

6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

6В061 Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар


Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры

6B07105-Химиялық инжиниринг,

6В07106 - Электроэнергетика

6В07205 –Мұнай-химия өндірісінің технологиясы

6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету



Пән циклы атауы және коды

БП ТК Fiz 1202 Физика

БП ТК Fiz 1209 Физика

БП ЖК Fiz 1203 Физика


Оқу формасы

күндізгі

Академиялық кредит

3

Академиялық сағат

90

Оқыту тілі

қазақ

Оқу жылы / семестр

2019-2020 / 2

Білім деңгейі

бакалавриат

Ақтөбе, 2019 ж.



Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) Оқу бағдарламасы «15» 01. 2019 ж. негізінде құрастырылды.

Құрастырушылар:

1. Пән оқытушысы:







Амантаева А.Ш., оқытушы, физика магистрі




(қолы)




(аты-жөні, қызметі)



Кафедра мәжілісінде қарастырылды




2

хаттама,

«

4

»

09

2019 ж.




Кафедра меңгерушісі







Аймаганбетова З.К.




(қолы)




(аты-жөні)



Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды.




1

хаттама,

«

5

»

09

2019 ж.


Әдістемелік кеңес төрағасы





Наурызова Н.К.






(қолы)




(аты-жөні)


1.КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Пән оқытушысы: Амантаева Амангүл Шалқарбайқызы

amantaeva.80@mail.ru



Кабинет №209ПС Физика кафедрасы
2. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:

Физика табиғаттағы құбылыстарды бақылаудан, практикалық тәжірибеден және эксперименттен алынған мәліметтерді жинақтап, қорыту арқылы заңдар мен заңдылықтарды тауып, оларды зерттеуден тұрады. Бұл курс мынадай бөлімдерді қамтиды: механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика.


3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық


ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

1

2

15

15




30

30

Комп. тест


4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Осы заманғы әлемнің жаратылыстану ғылыми суреттемесі туралы түсініктерді қалыптастырып, физика саласындағы теориялық білімді меңгеру мен оны жұмыс барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету.


5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

  • осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;

  • заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, қәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білу қабілеттілігінің болуы;

  • негізгі білімдерін зерттеу және кәсіби қызметте қолдана білу қабілеттілігі;

  • өз білімін үнемі жетілдіру және тереңдетуге дайын болу және қабілетті болу, кез-келген жағдайға тез бейімделу қабілеттілігіне ие болу;

  • ғылыми-техникалық, ғылыми-жаратылысану және жалпығылыми ақпаратты мәселелі-есептік түрге келтіре отырып, сауатты өңдей білу және тиалдай білу, тез таба білу;

  • заңдылықтарды, құрал-жабдықтарды анықтай білу;

  • қойылған есепті түсіне білу;

  • нәтижені тұжырымдай білу;

  • тұжырымды қатаң дәлелдей білу;

  • есеп қойылымын таба білу;

  • есеп қойылымының сауаттылығын біліп түсіну;

  • жүргізілген физикалық-математикалық және қолданбалы зерттеулер нәтижесін құбылысты зерттеген пәндік облыс термині арқылы өрнектеп, нақты ұсыныстар түрінде жеткізе білу қабілетіне ие болу;

  • есептеу техникасын барынша тиімді қолдана білу;

  • есепті шешуге математикалық аппаратты қолдана білу;

  • ғылыми есептерді шешуді қолданбалы қырынан көре білу, нәтижені сауатты баяндау және түсіндіру;

  • нәтижені талдап шыға алу және есептің түбінде жатқан математикалық модельді түзете білу.

6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)


Физикалық құбылыстар, олардың теориясы мен заңдылықтарын біліп, түсінеді

бақылауларда, типтік есептерді шығаруда, зертхана лық жұмыстарды жасауда, қоршаған орта құбылыстарын зерттеуде қолданады

теориялық мәліметтерді, есепті шешу әдістерін таңдау, зерттеулер жүргізу

есеп нәтижесінің дұрыстығын тексеру, талдау нәтижелері бойынша кестелерді толтырып, графиктер тұрғызу, нәтижелерді өңдеу, қателіктерді есептеп, теориядан ауытқу пайызын шығару, қорытынды жасау

жұмысты қорғау, қорытындылау, бақылау, тест, жазбаша


7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: орта мектептің физика курсы, орта мектептің химия курсы, орта мектептің алгебра және анализ бастамалары.

8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: жалпы кәсіптік және арнайы пәндер.

9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:

"Физика" пәнінде дәріс, практикалық, зертханалық, ОСӨЖ сабақтары қарастырылған. Дәріс сабақтарында оқу материалдарын қабылдау түсіндіру, ситуациялық сұрақтар қою, формулаларды қорыту, талдау арқылы ұйымдастырылады. Практикалық сабақтарда теориялық білімдерін қолдана отырып, есептер шығарады, шығару әдістерін таңдап, оның шешімінің дұрыстығына көз жеткізеді. Зертханалық жұмыстарда жеке зертханалық жұмыстарды жасай отырып, білімін бекітеді, қорытынды жасап, жұмысты қорғайды. Ал ОСӨЖ өз бетінше меңгеретін тапсырмаларды орындаудан тұрады.


10. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)




ОСӨЖ тапсырмалары



Техниканың жаңа салаларын және жаңа технологияларды қалыптастыру және дамытудағы физиканың алатын орны. Физика және басқа ғылымдар. Физикалық модельдеу.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірулері.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консервативті емес күштер.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Реактивті қозғалыс.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Гироскоптық эффект.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Лоренц түрлендірілуі. Түрлендірудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Импульс және энергияның релятивистік түрлендірулері.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Энтропия. Энтропия күйінің ықтималдығымен байланысы. Ашық сызықты емес жүйелер энтропиясы.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Газдағы және плазмадағы электр тогы.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Спектрлік жіктелу. Голография.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Рентгендік сәулелену. Ренгенография.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Шредингер теңдеулері.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Тосын және еріксіз сәуле шығару. Лазерлер.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Кристалдық тордың жылу сыйымдылығы. Металдардың электрөткізгіштігі. Кристалдардағы энергетикалық аймақтар. Аймақтық теориядағы металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер. Электрондық және тесікті өткізгіштік ұғымы. Меншікті және қоспалы өткізгіштік. Асқын өткізгіштік құбылысы.

презентация

2

сәрсенбі,

13.40-15.30





Ядролық реактор.

конспект, ауызша сұрау

2

сәрсенбі,

13.40-15.30



СӨЖ тапсырмалары



Материалдық нүктенің кинематикасы

есептер шығару

3

2



Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары

есептер шығару

3

3



Салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтері

есептер шығару

3

4



Статистикалық физика және термодинамика

есептер шығару

3

5



Карно циклі және оның п.ә.к.-і. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы

есептер шығару

3

6



Нақты газдар

есептер шығару

3

7



Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Конденсатор, сыйымдылығы, энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясының көлемдік тығыздығы

есептер шығару

3

7



Кирхгоф ережелері

есептер шығару

3

9



Электромагниттік индукция құбылысы

есептер шығару

3

10



Линзада кескін салу

есептер шығару

3

11



Толқындар дифракциясы

есептер шығару

3

12



Жарықтың поляризациясы

есептер шығару

3

13



Де-Бройль толқындары

есептер шығару

3

13



Конденсацияланған күй

есептер шығару

3

14



Ядролық реакциялар

есептер шығару

3

14


11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

11.1 Дәрістер

Тақырыбы: Кинематика.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Физика курсының жалпы құрылымы және есептері. Механика. Классикалық және кванттық механика. Релятивистік емес және релятивистік классикалық механика. Негізгі механикалық модельдер: материалдық нүкте, абсолют қатты дене, тұтас орта. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым түрі. Санақ жүйесі. Материалдық нүкте қозғалысының кинематикалық сипаттамасы. Кеңістік және уақыт. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық және үдеу – радиус-вектордың уақыт бойынша туындысы түрінде. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.



Дәріс тезисі

Материалдық нүкте деп берілген есепте формасы мен өлшемдері мәнді емес дене аталады. Санақ жүйесі деп әр түрлі уақыт моменттерінде басқа денелердің орны оған қатысты анықталатын абсолют қатты денемен қатаң түрде байланысқан және сағатпен қамтылған координаталар жүйесін айтады.

М нүктесі қозғалған кезде оның координаталары мен радиус-вектор уақыт өтуімен өзгереді. Сондықтан М нүктесінің қозғалыс заңын беру үшін, не оның үш координатасының t уақытқа функциональдық тәуелділігін көрсету, не



(1)

не болмаса оның радиус-векторының уақытқа функциональдық тәуелділігін көрсету керек. (2)

(1) теңдеу және оларға эквивалентті (2) теңдеуі нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеулері деп аталады.

Механикада нүкте қозғалысының бағыты мен шапшаңдығын сипаттау үшін жылдамдық деп аталатын векторлық физикалық шаманы енгізеді.

t уақыт мезетіндегі нүкте жылдамдығы деп осы нүктенің радиус-векторынан уақыт бойынша алынған туындыға тең векторын айтады:

=



Үдеу деп нүктенің V жылдамдығының уақыт бойынша алынған бірінші туындысына тең а векторы аталады.

Бiр қалыпты айнымалы қозғалыстың лездiк жылдамдығы

Ал қозғалыс теңдеуi

Егер нүкте траекториясы – жазық қисық болса, онда нүктенің үдеуі осы жазықтықта жатады. Жалпы жағдайда нүкте траекториясы – кеңістік қисық, ал үдеу жанасушы жазықтықта жатыр. ;



Толық үдеудiң модулi:

Жылдамдықтың модулi бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын үдеу құраушысын тангенциал немесе жанама үдеу деп атайды.

Тангенциал үдеу траекторияға жанама бойымен бағытталады.

Дененiң жылдамдығының бағытының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын үдеу құраушысын нормаль үдеу деп атайды.

Қозғалмайтын осьті айналатын қатты денені қарастырайық. Сонда осы дененің жеке нүктелері центрлері айналу осінде жатқан радиустары әртүрлі шеңберлер сызады.

Бұрыштық жылдамдық деп бұрылу бұрышынан уақыт бойынша алынған бірінші туындыға тең векторлық шама аталады.

Дененiң шеңбер бойымен толық айналымға кеткен уақытын айналу периоды деп айтады.



.

Айналу жиiлiгi деп дененiң айналу центрiнiң маңында бiр секунд iшiнде жасайтын айналым санын айтàды. .

Сөйтiп, период пен жиiлiктiң бiр-бiрiне керi шама екенiн байқаймыз.



периодқа тең уақытта бұрыштық орын ауыстыру -ге тең болады. Сондықтан бұрыштық жылдамдық немесе ескерсек, .

Бiр айналым iшiнде (t=T) дене шеңбердiң доғасының ұзындығына тең ара қашықтықты жүрiп өтедi:



. Сондықтан немесе екенiн ескерсек, .

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар арасындағы байланыс: .

Бұрыштық үдеу деп бұрыштық жылдамдықтың бірінші туындысына тең векторлық шама аталады.

Әдебиет

  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері. Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

  3. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

  4. Трофимова Т.И. Курс физики. -М: Академия, 2004.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Ньютон заңдары. Масса. Күш. Инерциалды санақ жүйелері. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды емес санақ жүйелері. АҚД түсінігі. Қатты дененің күш моменті және инерция моменті. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалысының динамикасының теңдеуі. Штейнер теоремасы. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі және оның қозғалыс заңы. Импульстың сақталу заңы. Энергия – қозғалыс пен өзара әсерлесудің әр түрлі формаларының әмбебап өлшемі ретінде. Күштің жұмысы және оны қисық сызықты интеграл арқылы өрнектеу. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштерінің жұмысымен байланысы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы.



Дәріс тезисі

Денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмiн – динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет