. Сұйық ағысының жылдамдығы ыдыстың көлденең қимасына керi пропорционал.
Горизанталь құбыр үшiн Бернулли теңдеуi: .
. - бұл өрнек Торричелли формуласы деп аталады.
Құбырдағы ламинар ағысында жылдамдық параболалық заңмен өзгередi. Құбырдың көлденең қимасынан ағатын сұйық ағынын қарастырамыз. Сұйық ағыны деп бiрлiк уақытта құбырдың көлденең қимасынан өтетiн сұйықтың көлемiн айтады.
- Пуазейль теңдеуi. Түтiкпен ағып жатқан сұйықтың ағыны сұйықтың қысым градиентiне, түтiк радиусының төртiншi дәрежесiне тура, ал сұйық тұтқырлығына керi пропорционал болады.
Ішкi үйкелiс күшi. Сұйық қабаттары бiр-бiрiне қатысты қозғалғанда қабаттар арасында үйкелiс күшi пайда болады. Бұл iшкi үйкелiс күшi деп аталады. Ішкi үйкелiс күшiн анықтайтын формуланы Ньютон ашты. Сондықтан бұл формула iшкi үйкелiс күшi үшiн Ньютон формуласы деп аталады.
,
мұндағы: - пропорционалдық коэффициент немесе сұйықтың тұтқырлық коэффициентi. Өлшем бірлігі . Сұйықтардың тұтқырлығы - сұйық тегіне және температураға тәуелдi.
Бiрдей уақыт аралығында қайталанып отыратын процестi тербелiс деп атайды.
Синус (косинус) заңы бойынша уақытқа тәуелдi өзгеретiн тербелiстi гармониялық тербелiс деймiз. Ол мына формуламен сипатталады.
,
мұндағы: х – жүйенiң ығысуы. Ығысу деп жүйенiң тепе-теңдiк күйiнен кез-келген ауытқуын айтады.
Қозғалыс заңы формуласымен өрнектелетiн жүйенi бiр өлшемдi гармониялық классикалық осциллятор немесе қысқаша классикалық осциллятор деп атайды.
Мысалы, төмендегi суреттерде қарапайым тербелмелi жүйелер: серiппелi маятник пен математикалық маятник көрсетiлген.
Классикалық осцилляторды мына шамалар сипаттайды. Бiр тербелiске кететiн уақытты (Т) период деп атайды, ол Т=2/, -циклдiк жиiлiк деп аталады, ал периодқа керi шаманы жиiлiк деп атайды, .
Физикалық маятник. Ауырлық центрiнен өтпейтiн кез-келген оське қатысты тербелiс жасайтын қатты дененi физикалық маятник деп атайды.
Физикалық маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: , мұндағы: - инерция моментi.
Достарыңызбен бөлісу: |