Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика



бет11/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)

,


мұндағы: - сыртқы тізбектің кедергісі, - ток көзінің ішкі кедергісі. Осы алынған өрнекті толық тізбек үшін Ом заңы деп атайды: тізбектегі ток күші ток көзінің электр қозғаушы күшіне тура пропорционал және тізбектің толық кедергісіне кері пропорционал болады.

Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері. Күрделі тізбектегі токты анықтау үшін жалпыланған заңдар болуы қажет. Бұл заңдылықтар түріне зарядтың және энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгоф ашқан заңдар немесе ережелер жатады.

Кирхгофтың 1-ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шыққан ток арасындағы байланысты қарастырады. Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндерден үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтады. Тұрақты токты қарастырғанда түйінге қанша заряд ағып келсе, сонша заряд ағып кету керек. Түйінге кіретін токтарды оң, түйіннен шығатын токтарды теріс деп есептеледі.



Кирхгофтың 1-ережесі: түйінде тоғысатын токтардың алгебралық қосындысы нольге тең:



Кирхгофтың ІІ-ережесі: кез-келген тұйық контур үшін электр қозғаушы күштерінің алгебралық қосындысы ток күшінің кедергіге көбейтіндісінің алгебралық қосындысына тең болады:



Әдебиет

  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

  3. Трофимова Т.И. Курс физики. -М: Академия, 2004.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Магниттік индукция векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тогы бар орам. Тогы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтілігі. Өзара индукция коэффициенті. Токтың магниттік энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.



Дәріс тезисі

Био – Савар – Лаплас заңы. Кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі Био-Савар-Лаплас заңымен анықталады. Суреттегі А нүктесіндегі токтың  элементі тудыратын  магнит өрісінің индукциясы Био – Савар – Лаплас заңымен анықталады.  Био – Савар – Лаплас заңын векторлық немесе скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет