Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика


Лоренц күші. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды



бет13/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)

Лоренц күші. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Лоренц күші деп атайды.


          -  Лоренц күшінің формуласының векторлық түрі.

          -  Лоренц күшінің формуласының скаляр түрі.

Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады.

          Лоренц күші қозғалыстағы зарядталған бөлшектің тек қана қозғалыс бағытын өзгертеді. Ал оның жылдамдығын және кинетикалық энергиясын өзгертпейді. Электр және магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсер ететін Лоренц күші келесі өрнекпен анықталады:




Ампер заңы. Магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды.


          Магнит өрісі біртекті болған жағдайда тогы бар өткзгішке әсер ететін  Ампер күші келесі өрнекпен анықталады:

          Ампер күшінің бағыты сол қол ережесімен анықталады. Сол қолдың төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттас етіп бағыттап, индукция векторы алақанды тесіп өтетін болса, 900-қа қайырылған басбармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

          Ампер түзу токтардың өзара әсерінен келесі заңдылықтар ашты:


  • Бағыттас параллель токтар бір-біріне тартылады;

  • Бағыттары қарама-қарсы токтар  бір-бірімен тебіледі;

  • Параллель емес токтар бағыттары бірдей әрі параллель болуға ұмтылады.

Әдебиет

  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері. Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

  3. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Сәулелік (геометриялық) оптика туралы ұғым.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу құбылысы. Линзалар. Линзадағы құрастырулар. Фотометрия.



Дәріс тезисі

  1. Шағылу және сыну заңдары. Жарықтың табиғаты толық анықталғанға дейін төменде келтірілген заңдар белгілі болған:

  • жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы – жарық сәулелері оптикалық біртекті ортада түзу сызық бойымен таралады. Жарық сәулесі – бойынан жарық әнергиясы тасымалданатын сызық. Біртекті ортада жарық сәулелері түзу сызықтар сияқты болады;

  • жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы – жарықтың бір шоғының тудыратын әсері басқа шоқтардың әсерлеріне тәуелді емес, яғни жарық шоқтары бір-біріне ықпалын тигізбейді;

  • шағылу заңы – тегіс бетке түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады; шағылу бұрышы түсу бұрышына тең: .

Сыну заңы – түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның бөліну шекарасындағы түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады, түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады: , мұндағы – екінші ортаның бірінші ортаға қарағандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші. Ол екі ортаның абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасына тең: . Сәйкесінше, сыну заңы былай өрнектеледі: .

Ортаның абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз электромагниттік толқындардың вакуумдағы жылдамдығының олардың ортадағы фазалық жылдамдығына қатынасына тең болатын физикалық шама: . болғандықтан, онда , мұндағы және сәйкесінше ортаның электрлік және магниттік өтімділіктері.

Толық шағылу құбылысы. Егер жарық n1 сыну көрсеткіші көбірек ортадан (оптикалық тығыздығы жоғары) n2сыну көрсеткіші азырақ (оптикалық тығыздығы төмен) ортаға таралатын болса (n1>n2) (мысалы, шыныдан ауаға немесе судан ауаға), онда

Осының нәтижесінде сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады. Түсу бұрышын үлкейте отырып, қандай да бір шекті бұрышта сыну бұрышы тең болады. Түсу бұрыштары болғанда түскен жарықтың бәрі толығымен шағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет