Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика



бет16/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)


Интерференцияның минимум шарты: егер оптикалық жол айырмасы жарты толқынның тақ санына тең болса,

Ньютон сақиналары бірдей қалыңдық жолақтардың классикалық мысалы болып табылады. Егер жазық шыны пластинаның үстіне дөңес линза қойылса, онда олардың арасында сына пішіндес ауа қабаты пайда болады. Енді осы жүйеге, пластина бетіне перпендикуляр бағытта жарық түссе, сонда жарық толқындары осы сына пішіндес ауа қабатының үстіңгі және төменгі шегараларында шағылады да өзара интерференциаланады, осының нәтижесінде линза мен пластина тиісіп тұрған нүктеде қара қоңыр дақ пайда болып, оны концентрлік жарық және қара қоңыр шеңберлер қоршап тұрады, олар центрден қашықтаған сайын жиілей береді. Осы шеңберлер бірдей қалыңдық жолақтары болып табылады. Бұларды бірінші рет Ньютон зерттеген, сондықтан олар Ньютон сақиналары деп аталады. Егер ұмтылса, онда



Шағылған жарықта оптикалық жол айырмасы:



Ақшыл сақиналардың радиустары:

Қара қоңыр сақиналардың радиустары:

Интерференцияны өткінші жарықта да бақылауға болады. Бұл жағдайда өткінші жарықтыңинтерференциалық максимумдары шағылған жарықтың интерференциалық минимумдарына сәйкес келеді және керісінше.

Толқындардың жолдарында кездесетін кедергілер мен бөгеттерді орап, айналып өту құбылысы дифракция деп аталады. Кең мағынада, дифракция деп жарықтың түзу сызықты жолдан бұрылу құбылысы айтылады. Яғни, толқынның түзу сызықты таралуынан, геометриялық оптиканың заңдарынан ауытқуы дифракция деп аталады.

Дифракцияны Гюйгенс принципі түсіндіреді - екінші ретті толқындар бірінші ретті толқындардың алдындағы кедергілер мен бөгеттерден бұралып айналып өтеді.

Френель Гюйгенс принципін екінші ретті толқындардың когерентті болуымен және олардың интерференциясымен толықтырды.

Гюйгенс – Френель принципі бойынша S жарық көзінен шыққан жарық толқыны екінші ретті когерентті толқындардың суперпозициясы (қосындысы) ретінде өрнектеледі, екінші ретті толқындар болса, екінші ретті жарық көздерінен таралады. Ал, екінші ретті жарық көздері дегеніміз S жарық көзін қамтып жататын кез келген тұйық беттің шексіз аз әлементері.



Френель зоналары. Біртекті ортада S нүктелік жарық көзінен таралатын жарық толқынының амплитудасын кез келген М нүктесінде қарастыралық. Гюйгенс – Френель принципі бойынша жарық көзінің әсерін жорамал жарық көздермен алмастырайық. Бұл жорамал жарық көздері S жарық көзінен шығатын толқын фронтының беті болып табылатын ойша алынған Ф беттінде (центрі S сфералық бетте) орналасады. Осы Ф толқындық бетін ойша сақина тәрізді зоналарға бөлеміз. Ол үшін М –ді центр деп алып, көршілес сақиналардың радиустарының бір-бірінен айырмаларын жарты толқын ұзындығына тең деп аламыз. Сонда, 1, 2,… m-ші зоналардың тербеліс амплитудаларын А1 , А2 , ... Аm (бұл жағдайда ) арқылы белгілеп қорытқы тербелістің амплитудасын аламыз:

А= А1 + А2 – А3 + А4 ...

Толқындық бетті осылайша зоналарға бөлгенде, m-ші зонаның тербеліс амплитудасы Аmосы зонаға көршілес жатқан зоналардың тербеліс амплитудаларының арифметикалық орташа мәніне тең болады:

.

Онда Мнүктесіндегі қорытқы амплитуда:


тең болады, себебі m>>1, А1>>Аm.

Барлық Френель зоналарының ауданы

-ге тең, мұндағы – SP0 кесіндісінің ұзындығы немесе Ф сфераның радиусы, b –PM0 кесіндісінің ұзындығы. m-ші Френель зонасының сыртқы бөлігінің радиусы

.

Әдебиет


  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері. Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

  3. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

  4. Трофимова Т.И. Курс физики. -М: Академия, 2004.

  5. Грабовский Р.И. Курс физики. -СПб: Лань, 2016.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Заттағы электромагниттік толқындар. Жарықтың дисперсиясы.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Жарықтың затта таралуы. Жарық қысымы. Жарық дисперсиясы. Дисперсияның электрондық теориясы. Оптикадағы Допплер эффектісі. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациялануы. Табиғи және поляризацияланған жарық. Брюстер және Малюс заны.



Дәріс тезисі

Жарық дисперсиясы деп n сыну көрсеткішінің жарық жиілігіне (λ толқын ұзындығына) тәуелділігін айтады (немесе жарық толқынның фазалық жылдамдығының осы толқын жиілігіне тәуелділігі).

Ақ жарық шоғының призмадан өткен кездегі спектрге жіктелуі дисперсияның салдары болып табылады. Дисперсия тек монохромат емес толқын таралғанда пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет