Сауалнама әдісі – зерттеушіні қызықтыратын барлық ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Анкеталау әдісінің түрлі формалары болуы мүмкін: тікелей байланыс (зертеуші сұрақтарды өзі жасап, халыққа таратады), сырттай (басқа адамның кореспонденттің көмегімен тартылып, кейін нәтижесі зерттеушіге жетеді)
Зерттеушінің мақсатына және жанұялардың ерекшеліктеріне байланысты анкеталардың бірнеше түрі болады: ашық (зерттелініп жатқан адам өзі сұраққа жауап береді); жабық (сұрақтарға түрлі вариантты жауап беріледі); аралас (сұраққа жауап беріледі, бірақ зерттеушінің өзінің көзқарасына сай, басқа жауап беруі мүмкін).
Отбасын зерттеуде әлеуметтанушылар анкетаның сырттай түрін, яғни жабық, тікелей емес түрі. Мұғалімдер болса іштей анкеталарды, яғни баламен тікелей жұмыс жасауды жөн көреді.
Отбасын обьективті жолмен зерттеудің нәтижесінде, жаңашыл жанұяларды толық зерттеуге және дамытуға психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік әдістер өз үлесін тигізеді. Мыс: балалардың ойын әрекетін дамыту үшін зерттеуші ата – ананың баламен бірлескенін мадақтайды. Көптеген педагогикалық, психологиялық зерттеулерде ата – ананың психологиялық позициясын дамытатын және толықтыратын әдістемелер бар. Осының нәтижесінде ата – ана жаңа әдісті өзінің шешімі ретінде қабылдап, отбасы ішіндегі тәрбиеде пайдалануға тырысады. Зерттеуші мен ата – ананың осындай бірлестігі қойылған мақсаттың дұрыс шешілуіне басқа да жаңа мінез – құлықты қалыптастыруға жол ашады. Бұдан отбасын зерттеуде ғылыми әдістердің практикалық әдіске айналуы көзге түседі. Психологиялық – педагогикалық тренингте маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Көбінесе ол бір – біріне түсінбеушілікпен қарайтын немесе бала тәрбиелеуде бірдей қиыншылықтары бар жанұяларда өткізіледі. Тренингке қатысушыларға көзқарастарын және позицияларын талдауға ревленсивтік іс - әрекетті дамытуға көмектесетін түрлі тапсырмалар беріледі. Бірақ бірлесіп, талданып орындалуы шарт. Психолгиялық –педагогикалық тренингтің тақырыбы түрлі болуы мүмкін. Мыс: «Өзімнің баламды дұрыс білемін бе?», «Агрессивті баламен өзіңді қалай ұстау керек?», «Әкенің көмегінсіз баланы қалай тәрбиелеу?».
Егер зерттеуші өзінің міндетін дұрыс атқарса, тренингке қатысушылар бір- біріне қамқоршы, көмектесуші топқа айналады. Әзіл – қалжың, өсектеу есепке алынбайды, отбасы мүшелері бір – біріне толық сеніп, жан сырларын ашық айтып, білімдермен бөліскен тиімді болады. Бұл топта болып жатқан іс - әрекет басқаларға құпия болу керек. Мүндай топтың тренингтердің нәтижесінде, ата – ана өздерін байсалды ұстап, баланы тәрбиелеу мәдениетін толық меңгеріп шығады.
Отбасындағы және білім беретін мекемелердегі тәрбиелік әрекеттің жүзеге асуы, отбасын зерттеудің тәрбиелік білімділігін талап етеді. Отбасы тәрбиесінің білімділігі көптеген факторларға байланысты, олардың басты мақсаты отбасының тығыз, туыстық қарым – қатынасты дамыту. Отбасын зерттеу білімділікті, болжамды болу керек. Сондықтан зерттеуді бастамас бұрын жұмыстың бағытын жасап, жоспар құрған жөн.
Бекіту сұрақтары:
Отбасын зерттеудің әдіс – тәсілдері қандай?
Әлеуметтік әдістерге қандай әдістер жатады?
Интервью әдісіне сипаттама беріңіз.
Анкеталау әдісінің түрлерін атап, сипаттама беріңіз.
Зерттеуші мен ата – ананың бірлестігі қандай нәтиже береді?
Психолгиялық –педагогикалық тренинг қалай өткізіледі?
Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)
Достарыңызбен бөлісу: |