Әдістері:
- іс арқылы үйретеді (сөз оған қосымша ретінде пайдаланылады (Песталоцци))
- өзіндік тәрбие жүйесі құралады (М.М.Петровский):ата-аналары үшін бала тәрбиесі бәрінен де маңызды болады;
- қатаң, ол жағдайда бала мүддесін қарастырмайды.
Отбасы функциялары:
- баланы тәрбиелеу (яғни, қалыптасу үшін жағдай жасау)
- Репродуктивті – балаларды дүниеге әкелу (ұрпақ жалғастыру)
- Шаруашылық-экономикалық – ортақ шаруашылықты, бюджетті жүргізу, міндеттер пен рольдерді бөлу негізінде материалдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыру, еңбекке жарамсыз адамдарға қамқорлық көрсету.
- Адамгершілік- психологиялық қамтамасыз етушілік – отбасында жағымда адамгершілік-психологиялық ахуалды орнату; жанұя ішіндегі қатынастардың стилі мен мінезін құрастыру; отбасының әрбір мүшесіне моральды-психологиялық қолдау көрсету.
- Коммуникативті – отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру, жанұяның басқа адамдар мен әлеуметтік топтармен өзара әрекеттестік.
- Рекреативті – бос уақытты ұйымдастыру; отбасы ұжымының мүшелерінің денсаулығын, күштерін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |