Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды



бет6/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

Бекіту сұрақтары:

1.Отбасы дегеніміз не?

2.Отбасы тәрбиесінің анықтамасын айтыңыз.



3.Отбасы функцияларын атаңыз.

4. Отбасы педагогикасы қандай ғылымдармен байланысты?

Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)

  1. Тақырып: Отбасы педагогикасының даму тарихы
    Сағат саны:2

Жоспар:
1.Халықтық педагогика отбасы педагогикасының негіздері ретінде.
2.ХІХ ғ. басы – ХХ ғ. (1917жылға дейін) отбасы педагогикасының ережесінің теориялық негіздері.
3.Кеңес педагогтары еңбектеріндегі отбасы педагогикасының сұрақтарын.
4.ХХғ . аяғы ХХғ. басындағы отбасы педагогикасының пәнаралық теориясы.
Дәріс тезисі*

Ежелгі замандағы отбасы тәрбиесі үй тәрбиесі (кейде үй – отбасылық) ретінде анықталады. Үй тәрбиесі отбасы мүшелері, сонымен қатар арнайы шақырылғандар кейде тәрбиелік іс - әрекетке дайындалған кәсіпқой адамдар (няня, бонна, гувернер және т.б.) арқылы іске асады.


Халықтық – отбасылық педагогика туралы айтқанда, онда дін және діндік көріністердің мақсаттары, функциялары және тәрбиелік құралдардың байланысы арқылы дамығанын басты назарға алу керек. Діндік күш – тек қана проваславиялық емес, адамның рухына назар аударумен қатар оның «жаман» ойлары мен сезімдерінен құтқару болып табылады. Адам өз өмірін былай сүруге міндетті, ол шарықтау шегіне, яғни өлім мезгіліне жеткенде, оның рухы Алланың алдында таза болу керек.
Х-ХІV ғғ.қатысты, ХІV-ХІХ ғғ. жинақтар бойынша, отбасы –ежелгі орыс педагогикалық - әдеби мұраларының негізгі тақырыптарының бірі болған. Педагогикалық ой Ежелгі Русьта Владимир Мономах князінің «Получение к детям» әсіресе «Пчела»,«Прологи»,«Златоуст» әдеби жазбаларында көрініс тапты. Ежелгі орыс авторларының түсінігі бойынша отбасы тәрбиесінің нағыз данышпандылығы, жоғары адамгершілік және христиан адамгершілігімен байланысты.
Ежелгі орыс педагогикасының негізгі идеяларының бірі – балаларды ата – аналарды құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Келесі идея бұл – кішкентай жасынан адамгершілік, оң қасиеттерімен (еңбексүйгіштік, кротости, сабырлылық, уступчивости, прилежания, скромности, шыншылдық және т.б.) болашақ отбасы құруға дайындау.

ХVІІ ғ. Отбасы педагогикасының дамуына, Епифаний Словинецкий және Симеон Полоцкий бағалы материалдар енгізді. Епифаний Словинецкий «Гражданство обычаев детских» еңбегінде балаларға арналған 164 ереже жазған. С. Полоцкий «Обет душевный» «Вечеря душевная» еңбектерінде баланың ата – анаға және туыстарға деген құрмет тәрбиесінің негізін ашқан. С.Полоцкий – қатаң тәртіпке, бірінші болып қарсы шыққандардың бірі.


ХVІ ғ.аяғында – ХІХ ғ. Басында отбасылық тәрбиенің анализі туралы А.Н.Радищева (1749-1802) Н.И.Новикова (1744-1818) еңбектерінде кездеседі. Олар үй тәрбиесінің – күрделі екендігін және балалар қоғамдық өмір үшін тәрбиеленетіні туралы жазған. Отбасы тәрбиесінің мақсаты – «бақытты адамдар мен қажетті азаматтарды өсіру (Н.И. Новиков) өмір бойы есінде болатын отансүйгіштік туралы бастапқы білім беру (А.Н. Радищев). Осындай тәрбиенің міндеттері: отбасының рухани қарым – қатынасы, ақыл мен дененің дамуына көңіл бөлу, баланың адамгершілік қасиеттері, махаббат пен талап етушіліктің үйлесімділігі.
Отбасы және үй тәрбиесі проблемасы- прогрессивті қоғамның назарын аударған, бұл В.Г. Белинскийдің (1811-1848), А.И. Герценаның (1812-1870), Н.И. Пирогованың1810-1881) Н.А.Добролюбованың (1836-1861) және басқалардын шығармаларында көрініс тапқан.
ХІХғ. жартысында – ХХғ. басында отбасы тәрбиесінің теориясы педагогикалық білімнің жеке бөлімі ретінде, К.Д. Ушинскийдің (1824-1870), Н.В. Шелгунованың (1824 – 1891), П.Ф. Лесгафта (1837-1909), П.Ф.Каптереваның (1849-1922), М.И. Демкованың (1859 -1939) және басқа авторлардың еңбектерінде жоғары орын алған.

Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесіне мемлекеттік тұрғыда басты назар аударылуда. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалады.

Қазіргі заманда отбасындағы тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.
Бекіту сұрақтары:

1. Ежелгі замандағы отбасы тәрбиесі қалай анықталды?

2. Халықтық – отбасылық педагогиканың ерекшелігі неде?

3. Ежелгі орыс педагогикасының негізгі идеяларын атап, сипаттама жасаңыз.

4. ХVІ ғ.аяғында – ХІХ ғ. А.Н.Радищева (1749-1802) Н.И.Новикова (1744-1818) еңбектерінде отбасылық тәрбиенің қандай міндеттері қамтылды?

5. ХІХ ғ. Отбасы және үй тәрбиесі проблемасы жайлы кімдердің енбектерінде көрініс тапты?

6. ХІХғ. жартысында – ХХғ. басында отбасы тәрбиесінің теориясы қай авторлардың еңбектерінде орын алды?

7. Қазақстанда қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі қалай дамуда?

Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет