Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет21/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология

9.1.10. Тақырыбы: Тірі ағзалар көбеюі мен олардын жеке дамуы 
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Көбею түрлері: жыныссыз және жынысты
2. Ұрықтану. Эмбрионалды сатысы
3. Постэмбрионалды даму кезеңі
4. Онтогенез.
Тіршілік дүниесін құрайтын организмдер мәңгі тіршілік етпейді. Олар қартаяды, әр түрлі ауруларға ұшырайды немесе түрлі себептен тіршілігін жояды. Алайда олардың көбею қарқыны өте жоғары болғандықтан, жер бетіндегі тіршілік үздіксіз жүріп жатады.
Табиғатта көбеюдің кең таралған екі түрі бар: жыныссыз көбею және жыныстық көбею.
Жыныссыз көбею. Органикалық дүниенің тарихи дамуы нәтижесінде пайда болған жыныссыз көбеюдің жыныстық көбеюге қарама қарсы процесс. Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық көбеюден бұрын пайда болған деп есептеледі.
Вегетативті жолмен көбею. Құрылысы күрделі өсімдіктердің, тамыры, сабағы және жапырағы арқылы, сонымен қатар саңырауқұлақ пен қына тәрізді төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесінің бір бөлшегі арқылы көбеюін вегетативті көбею деп атайды. Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті және қолдан вегетативті көбейту.
Жыныстық көбею. Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Ендеше аналық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық организмде жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде сперматозоидтер түзіледі.
Партеногенез. Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенездеп атайды. Партеногенез грекше «parteno» - қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі.
Гаметогенез. Жыныс жасушалары немесе гаметалар жыныс бездерінде дамып-жетіледі. Аналық жыныс безінде жұмыртқа жасушалары, аталық жыныс бездерінде сперматозоид жасушалары түзіледі. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезде алғашқы ұрық жасушалары белсенді жағдайда көшіп бөліне бастайды.
Ұрықтану. Ұрықтану дегеніміз – гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зиготадейді.
Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы – онтогенез басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді:эмбриондық(ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму, яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет