Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01509 "Математика-Информатика" 6В01510 "Физика-Информатика"



бет11/16
Дата08.02.2022
өлшемі114,94 Kb.
#123913
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Силлабус Python 21-22 dot (1)

11. Жиын құрылымы және қолданылуы
Жоспар
1. Жиын құрылымы
2. Жиын әдістері
3. Бекіту мысалдары
Жиын дегеніміз реттелмеген элементтер жиыны. Реттелмеген деген сөздің мағынасы элементтердің орналасу реті маңызды емес. Жиынды құруға set() функциясы қолданылады. Жиын элементтерін құруға { 1, 60, “inform”, 100} жақшалары қолданылады.

a= [1,2,3,4,5,40]


b=set(a)
print(b)
c={10,20,30,40,50}
print(c)
d=set("informatika")
print(d)
Элементтің жиынға тиістілігі in операторы арқылы тексеріледі. Мәні true немесе false болады. len() функциясы арқылы жиындағы элементтер саны анықталады, copy әдісі арқылы жиын көшірмесі алынады. add() әдісі арқылы жиынға жаңа элемент қосылады, ал remove(), discard() әдістері арқылы тізімнен элемент жойылады.

c.add(55)


a.remove(5)
Екі жиынды біріктіруге union() әдісі немесе | таңбасы қолданылады.
f=b.union(c)
k=c|d
Егер жиынды кеңейтетін болсақ онда update() әдісі қолданылады.
b.update(c)
Екі жиынның қиылысу амалын орындауға intersection әдісі немесе & операторы қолданылады.
p=b.intersection(c)
pr=b&c
Екі жиынға айырым амалын орындауға difference әдісі немесе - операторы қолданылады.
ar=b.difference(c)
ar1=b-c
Екі жиынға симметриялы айырым амалын орындауға symmetric_difference әдісі немесе ^ операторы қолданылады.
sr1=b.symmetric_difference(c)
sr2=b^c
Жиын элементтерін өзгерту:
c=c|{11,22,33}
c=c&{4,5,6}
Жиын элементтерін құруға генераторды қолдануға болады.
e={s for s in range(1,51) if s%5==2}
d=set()
for i in range(20,65)
d.add(i)

Мысал1. Бүтін сандардан тұратын жиын берілген. Бөлгіштері 5-тен артық жиын элементтерін анықтаңыз.


# *coding utf-8*


import random
a={random.randint(20,100) for i in range(10)}
print(a)
for i in a:
s=0
for j in range(1,i+1):
if i%j==0:
s=s+1
if s>5:
print(i)

Мысал3. Жиын элементтерін шартқа байланысты анықтауға болады.


m={i for i in range(1,100) if (i%5==2 or i%5==4) and i%7==3}
print(m)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет